Бүгін Қазақстанның Халық жазушысы, қоғам қайраткері, осыдан екі жыл бұрын дүниеден өткен Әбіш Кекілбаевтың туған күні. Артында «Үркер», «Елең-алаң», «Аңыздың ақыры» секілді теңдессіз туындылар қалдырған жазушы Құран аяттарын өлеңмен өрген екен.
Алладан кешірім өтінгенде, ең жақсысы мына дұғаны айту
Мұсылман сондай бақытты жаратылыс! Ол кез-келген қиындықта қолын жайып, бойсұнып Алладан сұраса, мұқтаждығы өтеледі. Алла Тағаланы еске алып, дұға жасау – жан-тәннің шаршағанын басып, көңілді жайландырады, уайым-қайғының, қорқыныш пен күдіктің қою бұлты сейіледі. Алладан кешірім өтінгенде, ең жақсысы мына дұғаны айту:
Доңыз бен есектің етін не үшін харам етті?
Мұсылмандар Алла Тағаланың тыйған тыйымдарының астарлы хикметін, зиянын білмесе де «неліктен, неге?» деместен дереу бойұсынуға тиіс. Себебі, оны бұйырып тұрған ұлы иеміз Алла Тағала. Алла Тағала шошқа етінің харам екендігін Құранда былай баяндайды:
Жәннаттықтарға кімдер қызмет етеді?
Жәннат – мұсылман қауымының мәңгілік бақыт мекені. Қияметте ақырет күнінің есебінен абыроймен өткендер өздеріне уәде етілген мекендері Жәннатқа кіреді. Ал Жәннаттағы адамдарға кімдер қызмет етеді? Олардың Жәннаттағы жағдайы қандай болмақ? Ол туралы қасиетті Құранда мынадай бірнеше сүрелер бар.
Алла дұғаңызды неге қабыл етпей жүр?
«Алла тағала дұғамызды неге қабыл етпейді?» деген сұраққа Ибрахим ибн Адхам (р.а) толыққанды жауап берген.
Осы дұғаны айтқан адамға періштелер асығады
Аузымыздан шыққан әрбір сөзді жазып алатын періштелер бар. Және олар жасаған әрбір жақсылығымыз бен пендешілікпен қате кеткен тұстарымызды да қағазға түсіріп, түртіп отырады. Олар Аллаға қарсы келместен, Оның барлық бұйрықтарын орындайды. Періштелер адамдар үшін кешірім сұрайды.
Дініміз бойынша кімдерді көршілер деп айтамыз?
Ислам діні ерте заманнан бастап, көршілікке және көрші ақысына ерекше мән беріп, көршілерге зиян тигізуден аулақ болуға шақырады. Қасиетті Құранда: «Аллаға құлшылық жасаңдар. Оған ештеңені ортақ етпеңдер. Ата-аналарыңмен, туған-туыстарыңмен, жетімдермен, қамқорлықты керек қылған адамдармен, алыс-жақын көршілеріңмен, достарыңмен, қол астарыңдағы қызметшілермен жақсы араласыңдар. Алла барлық дандайсыған мақтаншақтарды жақсы көрмейді» («Ән-Ниса» сүресі, 36-аят).
Алла өмірімді өзгертсін десеңіз...
«Я, Алла! Мінезімді көркем ет, кемшіліктерімді жөндеуге жәрдемдес! Мені өзгерт» деп дұға етесіз бе? Бұл – жеткіліксіз. Өйткені Қасиетті Құранның «Рағыд» сүресінің 11-аятында: «...Расында бір қауым өзін өзгертпейінше, Алла оны өзгертпейді» делінген. Анық қорытынды біреу-ақ: әуелі ниет, екінші – әрекет. Ал әрекет етуге итермелейтін нәрсе жалғыз: өзіңізден есеп алу.
Әлемдегі ең бақытты адам болғыңыз келсе...
Мына бес күн жалған өмірде кімнің бақытты болғысы келмейді дейсіз?! Егер шынайы бақытқа қол жеткізгіңіз келсе – өзгелерді бақытты етіңіз! Əлбетте, сол кезде сіз олардан да көбірек шынайы бақытты сезіне аласыз. Біліңіз, басқаларды бақытты ету арқылы өзіңіз бақытты боласыз.
Ең жылдам қабыл болатын дұға
Алла Тағала – әрдайым сырлар мен сыбдырларды Естуші, жасырын мен әшкерені Көруші, жүректер мен жағдайлардан Хабардар. Дей тұрғанмен, Жаратушымыз кейбір уақыттар мен жағдайларды ардақты етті әрі сол уақыттарда жасалатын құлшылықтар, дұғалар Алла үшін басқа уақыттарға қарағанда артығырақ әрі сүйіктірек. Бұл жасалған дұғалардың қабыл болу мүмкіндігі де жоғары.
Ғұламалардан ғибрат
Имам Ахмед ибн Ханбал (р.а) әрдайым ұстазы имам Шафиғиге (р.а) дұға жасап: "Раббым Алла! Ұстазым Мұхаммед ибн Идристан (р.а) разы бол", - дейді екен.