27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Алла дұғаңызды неге қабыл етпей жүр?

Ғибратнама
Жарнама

«Алла тағала дұғамызды неге қабыл етпейді?» деген сұраққа Ибрахим ибн Адхам (р.а) толыққанды жауап берген.

Өз заманында захид (дүниені тәрк етіп, ақырет пайдасы үшін өмір сүруші) мәртебесіне ие болған Ибраһим ибн Адхам (р.а) Басра қаласындағы сауда көшесінен өтіп бара жатқанда бір топ мұсылман оны айнала қоршап, дұғалары неге қабыл болмайтынын сұрайды. «Уа, Әбу Исхақ! Біз Құдайдан жалынып сұраймыз, бірақ Ол жауап бермейді» дейді жиналғандар. Ибраһим ибн Адхам бұның 10 себебін көрсетеді:

Біріншіден, сендер Алла тағаланы танисыңдар, бірақ Оның әмірлерін орындамайсыңдар.

Екіншіден, «Пайғамбарды (с.ғ.с) жақсы көреміз» дейсіңдер, алайда Алла елшісі көрсеткен Сүннет жолымен жүрмейсіңдер.

Үшіншіден, Алланың сөзі – Қасиетті Құран Кәрімді оқисыңдар, бірақ оған амал етпейсіңдер.

Төртіншіден, Жаратушы берген нығметтерден жейсіңдер, бірақ  Құдайға рақмет айтпайсыңдар.

Бесіншіден, Ібіліс шайтанның қас дұшпаны екенін білесіңдер, бірақ оның лағнеттелген істеріне ересіңдер.  

Алтыншыдан, Жұмақ  және жәннатқа кіру жолдары жайлы насихаттайсыңдар, бірақ соған сай ізгіліктерді жасамайсыңдар.

Жетіншіден,  Тозақпен қорқытасыңдар, бірақ өздерің тозақ отынан сақтанбайсыңдар.

Сегізіншіден, өлімді хақ дейсіңдер, алайда өлімге дайындалмайсыңдар.

Тоғызыншыдан, адамдардың айыбын іздейсіңдер, ал өз кемшіліктеріңе мән бермейсіңдер.

Оныншыдан, өлгендерді жерлейсіңдер, бірақ одан еш ғибрат алмайсыңдар. 

Аударған Мәдина ЖАҚЫП, ummet.kz

 

Бөлісу: