01
Жұма,
Қараша

һижри

Тозақ отынан құтылуға жеткілікті болған дұға

Ғибратнама
Жарнама

Әбу Бәкір (оған Алла разы болсын) Алла Елшісінен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) таңертең және кешке айтып жүретін дұға үйретуін сұрағанда, осы дұғаны айтқан екен:

«Аллаһумма, инни асбахту (егер кешке оқыса: «Инни әмсәйту», – дейді) ушһидукә уә ушһиду хәмәләтә ‘әршикә, уә мәләикәтәкә уә жәми’а халқикә, әннәкә Әнтә-Ллаһу, лә иләһа иллә Әнтә, уәхдәкә лә шәрикә ләкә, уә әннә Мухаммәдан ‘абдукә уә расулук» (4 рет).

اللَّهُمَّ إِنِّي أَصْبَحْتُ أُشْهِدُكَ وَأُشْهِدُ حَمَلَةَ عَرْشِكَ وَمَلَائِكَتَكَ، وَجَمِيعَ خَلْقِكَ أَنَّكَ أَنْتَ اللَّهُ لَا إِلَهَ إِلَّا أَنْتَ وَأَنَّ مُحَمَّدًا عَبْدُكَ وَرَسُولُكَ

Аудармасы: «Я, Алла! Осы таңда (егер кешке айтылса: «Осы кеште») мен Өзіңді және ‘Аршыңды көтеріп тұрушыларды, періштелеріңді және бүкіл жаратылыстарыңды ақиқатында Сен – Алла, Сенен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ, Сен Жалғыз, Сенің серігің жоқ екеніне, әрі шын мәнінде, Мұхаммед – Сенің құлың әрі елшің екендігіне куә етемін» (бұл сөздерді төрт рет айту керек).

(«Кімде-кім бұл дұғаны таңертең және кешке оқыса, Алла оны Тозақ отынан құтқарады») (Тирмизи).

Бөлісу: