27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Халифа Алтайдың әр қазаққа үлгі ең соңғы жазбасы

Ғибратнама
Жарнама

«Түрік әлемінің ғұламасы» атанған, қазақ еліндегі Ислам дінінің таралуына баға жетпес еңбек сіңірген, сіз бен бізге алғаш Құран Кәрімнің қазақша аудармасын ұсынған ғалым Халифа Алтайдың өнегеге толы өмір жолы қашан да үлгі. Мынау Халифа Алтайдың жазған ең соңғы жазбасы. Ол бұл жазбаны 2002 жылы науқастанып жүргенде жазған екен.

a03f9f0f6a6113997f2fdeb870227152

Қазақша аудармасы:

«Мен мұсылман отбасында туылғаным үшін шүкір етемін. Аллаға сансыз шүкіршілік, мен мұсылманмын! Әкем Құран оқитын, діни сауатты кісі еді. Мен алғаш діни сабақты әкемнен алдым. Кейін ауыл молдасынан білімімді жетілдіріп, діни тәрбиелендім. Діни тәрбиеленгендіктен, темекі тартпадым, арақ ішпедім, құмар ойын ойнамадым, ұрлық қылып, ешкімге өтірік айтпадым. Мен өзімді бақытты адаммын деп есептеймін! Он бір жасымнан намаз бастап, содан бері намаз оқып келе жатырмын. Құлшылығымызды Алла қабыл етсін!»

 Халифа Алтай, 2002 жыл

/Жары Бибәтіш Жүнісқызының сұхбатынан/

ummet.kz

Бөлісу: