26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Тәубеге келтірген түс.

Ғибратнама
Жарнама

Мешіттің жамағаты болған мінезі қатты бір жігіт имамға: "Кешке дейін сахаба-сахаба дейсіз. Біздің олардан қай жеріміз кем?!",-деп сөйлейді.

Имам: "Бауырым, олай деп айтпаңыз. Біз ешуақытта олардай бола алмаймыз. Өйткені, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с): "Басқалар Алла разылығы үшін Ухуд тауындай алтын садақа берсе де, сахабаларымның Алла жолында берген бір уыс арпа садақасының сауабына да жете алмайды," - деген.

Әлгі жігіт өз ойынан айнымаған күйде үйіне қайтады. Ұйықтап жатып түс көреді .Түсінде биік құздың үстінде құлауға шақ қалған автобус тұр. Ішінде Алла Елшісі (с.ғ.с) отыр екен. Әлгі жігіт дөңгелегіне тірейін деп тас тауып әкелсе, дөңгелектің түбінде сахабалар басын тіреп жатқанын көреді! Жігіт тас қоямын деп әлек болып жүрсе Ардақты Пайғамбарымыз үшін жанын беруге аянбаған сахабалардың мұндай әрекетін көріп түсінен шошып оянады. Ояна салысымен бірден тәубесіне келіп, Алладан кешірім сұраған екен. Бұл оқиға сахабалардың жасаған амалдарына еш жете алмайтындығымыздың дәлелі.  



"Нұр-Мүбарак" университетінің докторанты.

Қуат Қабдолда.

Бөлісу: