Хазреті Әлидің (р.ғ.) халифалық еткен уақытында хазреті Османның (р.ғ.) шәһид етілуімен болған бүлік тағы да жалғасын тауып жатты. Бұл жағдайға қатты қайғырған бір кісі хазреті Әлиге (р.ғ.) келіп:
– Иә, Әли! Хазреті Әбу Бәкір (р.ғ.) мен Омардың (р.ғ.) заманында болмаған мынадай сұмдық жағдайлар сенің дәуіріңде орын алып жатыр. Мұсылмандардың бір-бірімен жаға жыртысуы қалай өзі? – дейді.
Сонда хазреті Әли (р.ғ.) сауал қойған кісіге:
– Хазреті Әбу Бәкір (р.ғ.) мен Омардың (р.ғ.) заманында біз бар едік. Алайда олар біздің заманымызда жоқ қой, - деп ұлылық жауабын берген екен.
«Ummet.kz» рухани-ақпараттық порталы