26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Артық байлық аздырар

Ғибратнама
Жарнама

Мұса пайғамбар (а.с.) Тұр тауына кетіп бара жатып, жолай бір кедейге кездесіп қалады. Кедей: 

– Уа, Мұса, сен пайғамбарсың ғой, не тілесең де қабыл болады. Мен үрерге иті жоқ, сығарға биті жоқ сіңірі шыққан кедеймін. Күндік тамағымды тауып жеуге шамамды келтірмей, қу аштық қуырып барады. Мен үшін Аллаһтан дүние сұрашы, – деді. Мұса (а.с.) кедейге уәде беріп жүріп кетеді. 
Тұр тауына барғанда, Мұса пайғамбар (а.с.) Жаратушыға кедейдің тілегін жеткізеді. Аллаһ тағала бұл тілекті қабыл алады. 
Кедей көп өтпей бір байдың қызын кезіктіріп, сонымен бас қосты. Бірақ байлық кедейді қатты өзгертті. Ешкімді көзіне ілмей, тәкаппарлыққа басты. Қыздың байлығы оған бақ емес, сор боп қонған еді.  
Бір күні Мұса (а.с.) жолда кетіп бара жатып дарға асылып қалған адамды көреді. Сұрастырса, баяғы өзіне жолыққан кедей екен. Қатты дандайсып, кісі өлтіріп, соңында өзі де осылай жазаланыпты.  
Мұса (а.с.) Аллаһ тағаладан:
–    Уа, Раббым, бұның маған беймәлім хикметі не? – деп сұрайды. Сонда Хақ тағала:
–    Сен келіп сұрағандықтан оған байлық берген едім. Бірақ байлық оны аздыратынын білгенмін. Анығында, бұрынғы кедей күнгі өмірі өзіне қайырлы еді. Бұл ақыретті ұмытып, фәнидің ғана қызығын тілегендердің жағдайын ұқтырады, – деген еді.

 Құдайберді Бағашар

Бөлісу: