26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Таңертең деніңіз сау күйде оянсаңыз, мына дұғаны оқыңыз

Әбу Дәудтің «Сунән» атты хадис жинағындағы бір хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларына: «Араларыңнан кімде-кім аман-есен таң атырса, міндетті түрде осы дұғаны оқысын. Кеш батқанда да (дұғадағы таң сөзінің орнына кеш деп) міндетті түрде оқысын», − деп айтқаны жеткізілген.

Отбасы мүшелерін күн сайын жамандықтан қорғап жүретін дұға:

Егер кімде-кім үйінен шығар кезде Аллаға тәуекел еттім, Алладан басқа күш те, қуат та жоқ екенін айтар болса, оған Алла тарапынан да бар қажеттіліктері қамтамасыз етіледі Шайтан да одан алыс жүреді.

«Жәннатта қарт кісілер болмайды»

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Мен былай (қолымен бармағының ұшын көрсетіп) болса да біреудің кемшілігін сипаттағанды ұнатпаймын», – деген. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үлкен кісілермен де жылы әзілдескен.

Алланың құзырындағы құныңды білгің келсе...

Көрнекті ойшыл Атауллаһ Искендери өзінің «Әл-Хикәм ул-Атаия» атты еңбегінде: «Алланың құзырындағы құның мен қадір-қасиетіңді білгің келсе, сені қандай істің басында ұстағанына, қандай халде табылдырғанына бір қара», – дейді.

Ережеп айында ораза ұстаушыларға берілетін сый

Ережеп айы – Исламдағы қасиетті төрт айдың бірі. Бұл ай – Алланың айы деп аталады.  Бұл айда исра және миғраж түні және рағайып түні бар. Пайғамбар ғалайһиссаламнан сүннет болып қалған нәпіл ораза ұстау бар. 

Неге ақылды адамдар көбіне кедей болады?

Бір күні Әзірет Әлиден «неге ақылды жандар көбіне кедей келеді?» деп сұрапты. Сонда Әли (р.а): «Құлдың ақылы ырзығына қосып есептеледі» деген екен.

Бауыржан Момышұлының келініне айтқан 6 алтын өсиеті

Зейнеп Ахметованың "Бабалар аманаты" кітабында "Атаның маған айтқан ақыл сөздері" атты тарау бар. Бұл тарауда автор Бауыржан Момышұлының насихат сөздерін жариялаған. Біз бүгін Бауыржан Момышұлының келініне айтқан ақыл сөздерінен үзінді ұсынып отырмыз.

Жұма күні оқылуы тиіс ең қайырлы дұға

Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім жұма күні «Кәһф» сүресін оқыса аяғының астынан көктің ернеуіне дейін нұр шашылып, қиямен күні оны жарықтандырады, Алла оның екі жұма арасындағы күнәларын кешіреді» деген  (Әт-тарғиб уат-тарһиб). Сондай-ақ, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім «Кәһф» сүресінің әуелгі он аятын жаттаса, Дажжалдан (ақыретке жақын келетін бүлікшіл, суайт адам) сақталады» деген (Муслим).