27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Әйел – Мұхаммед (с.ғ.с) үмбетінің тәрбиелеушісі

Әйел – Мұхаммед (с.ғ.с) үмбетінің тәрбиелеушісі

Ғибратнама
Жарнама

Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Бұл дүние өткінші бір ләззәт қана. Ал дүниедегі өткінші ләззаттың ең қайырлысы – салиқалы, жақсы әйел» (Муслим) деп И сламдағы әйелдердің орнын айқындап берді. Және Абу Умамадан (Алла оған разы болсын) риуаят етілген хадисте Алла Елшісі (с.ғ.с) былай деген: «Шүкір етуші жүрек, Алланы еске алатын тіл және сенің дүниелік әрі діни істеріңе көмектесетін салиқалы әйел, адамдар жиған-терген қазынадан әлдеқайда қайырлы» (Байһақи)

Асылында, бұл хадистерде әрбір әйел үшін үлкен ғибрат бар. Рас, әйел – нәзік, әйел –  әлсіз, әйел – сезімге жақын жаратылыс. Дегенмен, әйелге басқа ешбір тіршілік иесіне бұйырмаған аса құрметті, аса маңызды лауазым берілген.

Ғұлама Ибн Адий: «Базардан жеміс-жидек алып үйіне әкелген адам садақа сауабын алады. Әкелген жемісті ұл балаларынан бұрын қыз балаларына берсін! Әйелдерді, қыздарды қуантқан адам Алладан қорқып жылағандардың сауабын алады. Ал Алладан қорқып жылағандардың денесі тозаққа харам болады» деп қызды қадірлеуді өсиет еткен екен.

Әйел – Мұхаммед (с.ғ.с) үмбетінің тәрбиелеушісі. Әйел – алыпты, дананы, көшбасшыны, ел тұтқасын ұстар еркекті дүниеге әкелуші. Мұнан артық қандай ардақты қызмет бар?! Заман көшіне, қоғам айдынына сапалы, саналы ұрпақты қосу. Еріңе сүйеу, отбасыңа жылу, әулетіңе үлгі болу. Өзіңнен кейінгі ұрпақтың тәрбиешісі болатын келінге ұстаз, немереге жол сілтер ақылгөй әже атану. Міне, қыз баласының карьерасы, шығар шыңы, бағындырар белесі осы. Осы жауапкершілік әрбір қыз баласын биік етеді. Өмірлік мақсат пен мансапты іздеп әуре-сарсаңға салынып жүрсеңіз, ойланып көріңізші...

ummet.kz

Бөлісу: