Тәуелсіздік алған күннен бастап еліміздің рухани құндылығы, салт-дәстүрі, діні мен тілі қайта жаңғыру мүмкіндігіне ие болды. Соның ішінде жыл басы, күн мен түннің теңелген күні, жаңару мен жасарудың, береке-бірліктің мейрамы, мұсылман қазақ ұлтының рухани құндылыққа толы қастерлі мерекесі – әз-Наурыз.
Жұма – періштелердің тізіміне ілігетін күн
Жұма – күн шыққан күндердің ең жақсысы. Осы күні Адам жаралды, Жәннатқа қоныстанды және қуылды.
Адамгершілікті үйрететін 6 мектеп
Қоғамның ең үлкен байлығы – адамгершілік қасиеттерді бойына жинаған адам. Адамгершілік қасиеттер адамды оңайдан қиынға қарай, жақыннан жыраққа қарай, қызықты, күлкілі жайдан біртіндеп үлкен толғаулы мағыналы өмірге қарай жетелейді. Ақырында сіз өзіңізді толық адам сезінесіз. Ал, нағыз адамгершілік әліппесін қайдан үйренуіміз керек?!
Жәннаттың сегіз есігіне де шақырту алатын пенде
Біз амал еткен, арман еткен Жәннатта жақсылықтар жасырылған сегіз есік бар.
Шағбан айында Пайғамбар (с.ғ.с) жасаған ізгі амал
Шағбан – Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетінен ерекше нұсқаулықтар табуға болатын қасиетті айлардың бірі. Сахих хадисте Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Шағбан айында көп ораза тұтқандығы айтылады.
Бұл екі сүрені оқығанның қалаған тілегі беріледі
Дұға – құл мен Алла тағаланың арасындағы ең берік байланыс құралы. Мүмкіндіктері шектеулі пенденің асыл-мұраттарын құдіреті шексіз Жаратқанға білдіріп, жәрдем тілеуі. Ал мына екі сүрені оқығанның қалаған тілегі берілетіндігі туралы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өсиеті бар:
Пайғамбардың (ﷺ) бала тәрбиесіндегі даналығы
Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) балаларын қанағат пен шүкіршілікке тәрбиеледі.
Дұғаның маңыздылығы
Дана халқымыз «Жаңбырмен жер көгереді, Батамен ел көгереді» деп дұғаның адамзат өміріне әсерін ерекше тілге тиек етеді.
Әйел – Мұхаммед (с.ғ.с) үмбетінің тәрбиелеушісі
Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Бұл дүние өткінші бір ләззәт қана. Ал дүниедегі өткінші ләззаттың ең қайырлысы – салиқалы, жақсы әйел» (Муслим) деп И сламдағы әйелдердің орнын айқындап берді. Және Абу Умамадан (Алла оған разы болсын) риуаят етілген хадисте Алла Елшісі (с.ғ.с) былай деген: «Шүкір етуші жүрек, Алланы еске алатын тіл және сенің дүниелік әрі діни істеріңе көмектесетін салиқалы әйел, адамдар жиған-терген қазынадан әлдеқайда қайырлы» (Байһақи)
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) қалай алғыс айтқан?
Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Аллаға мадақ айту – шүкірдің басы. Аллаға мадақ айтпаған Оған шүкіршілік жасамағаны», – деп айтқан.
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қалай алғыс айтқан? Хадистері мен хиссаларлардан алғыс айту, шүкіршілік көріністерін ұсынамыз.
Алғыс айтудың дініміздегі орны
Қазақ халқы – тумысынан кез келген игі іске, жақсы нәрсеге алғыс айтуды әдетке айналдырған халық. Ол әдетіміз әдепке айналған. Алғыс айту сөзімен адамдар бір-біріне қуаныш сыйлайды. Кез келген мұңайып тұрған адам бұл сөзді ести сала, көңілі жібиді, жадырап шыға келеді.