26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Жүзді қалай нұрландырамыз?

Жүзді қалай нұрландырамыз?

Ғибратнама
Жарнама

Намазды – Жәннаттың кілті, құлшылықтың ұлығы әрі екі дүниеңізге береке кіргізетін амал десек, дәрет – намаздың кілті.

Әрдайым дәретпен жүретін адамға Алла  тағала мыналарды ихсан етеді:

1) Періштелер оның жанынан айрылмайды.

2) Үздіксіз сауап жазады.

3) Бүкіл мүшелері тәсбих етеді.

4) Ұйықтаған кезде періштелер оны адам мен жынның зиянынан қорғайды.

5) Дәретпен жүрген кезде Алла тағаланың қорғауында болады.

Және Пайғамбар (с.ғ.с.) хадисінде: «Кімде-кім төсекке дәрет алып кейiн жатса, сол түні бір періште таңға дейін "Йа Раббым, бұл құлыңды кешір!" деп дұға етеді» (Хаким).

Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) мынаны естідім:
«Еш шүбәсіз, үмбетім Қиямет күні дәрет іздерінің себебінен жүздері нұрлы, аяқ-қолдары жарқыраған күйде шақырылады. Сондықтан да, шамасы келген жан жүзінің нұрын арттыруға тырыссын» (Бұхари: «Уду’», 3; Мүслим: «Таһарат», 35).

ummet.kz

Бөлісу: