27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Алла тағаламен керемет кездесу

Алла тағаламен керемет кездесу

Ғибратнама
Жарнама

Сізге Алла тағаламен кездесудің кереметтілігі туралы айтайын ба? Ендеше, мұқият оқыңыз.

Алла сені қабылдау үшін:

Алдын ала қабылдауға жазылмайсың. Керісінше, Оның "есігі" барлық уақытта ашық. Таңдауды өзің жасайсың.

Кеңшілігің шексіз Раббым!

 

Онымен жеке қалғанда:

Отырыстың созылып кеткені үшін, уақытын алып, артық мазалап қойдым деп, кешірім сұрауға мұқтаж болмайсың. Өйткені, Ол сені, сенің мінәжатыңды жақсы көреді.

Не деген Мейірімдісің, Раббым!

 

Дұға тілектеріңді айтқанда:

Қайта-қайта қайталасаң да, айыпты болмайсың. Өйткені, ол үздіксіз сұрай бергенді ұнатады. Проблемасын айтпаған, қажетін сұрамаған адамға ашулы.

Не деген мәртсің, Раббым!

 

Алламен сырласқан уақытыңда:

Даусың дірілдеп, сөздерің шашырап, көздерің жасаураса да оған еш сөгіс жоқ. Өйткені, ондай әлсіздік Оның өлшемінде нағыз күш, мықты иман.

Не деген Рахымдысың, Раббым!

 

Талап-тілегіңді жеткізгенде:

Тереңнен қозғап, қиыннан қиыстырып дәл сөйлеуің түк те шарт емес. Ол сенің қажетіңді сен сұрамай тұрып-ақ біліп қойған.

Не деген кемелсің, Раббым!

 

Онымен тілдескенде:

Күнәні Оның жазасы мен салдарынан қорықпай-ақ мойндай аласың. Өйткені, Раббың мойындауды өте жақсы көреді. Кемшілікке кеңшілік танытқанды сүйеді.

Не деген ұлықсың, Раббым!

 

Раббыңмен қоштасарда:

Өтініштеріңді өткізіп, керегіңді сұраған соң, орындалатынына нық сенімді боласың. Өйткені, Алла бергісі келген адамға сұратады, дұға қылған пендесіне жауап береді, алақандарды бос қайтаруға ұялады. Оның шамасы келмейтін шаруа жоқ.

Не деген данасың, Раббым!

ummet.kz

Бөлісу: