26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

ҰБТ кезінде оқылатын дұға

ҰБТ кезінде оқылатын дұға

Мақалалар
Жарнама

ҰБТ алдын, көптеген жастарымыз  күні-түні емтихандарға дайындықпен өткізіп , сәтті нәтижеге үміт артып отырған кезде, мына мәселелерді  естен шығармауы лазым: 

Бірінші, Аллаға тәуекел ету. Яғни, әрбір талапкер өз болашағы үшін ниет етіп, талпынып, еңбектене отырып дұрыс, сауатты тәуекел жасау керек.

Екінші, емтиханға жауаптылықпен  қарап, тиісті деңгейде дайындалу. Хадисте де: "Алдымен түйеңді байла, содан кейін барып Аллаға тәуекел ет" деп айтылған. Яғни, тек Аллаға ғана тәуекел етіп қоймай, әрекет те жасау керек.

Үшінші, дұға жасап, Алладан жәрдем тілеу. Пайғамбар ғалайһиссаламның өсиеттерінде дұға - құлшылықтың өзегі екені, дұға - мүміннің қаруы екені айтылады. Аталарымыз да "Баталы құл - арымас, батасыз құл - жарымас" деген ұлағатты сөз бар. Ал, енді ҰБТ кезінде мына дұғаны оқыған абзал:

Сонымен бірге әрбір істі жеңілдету, істің жақсылығын сұрау мақсатында оқылатын мына дұғаларды оқыса, істің соңы қайырлы болады үміттенеміз:

Әуелі, "Фатиха" сүресін үш рет оқу.

اَللَّهُمَّ لَا سَهْلَ اِلَّا مَا جَعَلْتَهُ سَهْلاً ، وَ أَنْتَ تَجْعَلُ الْحَزَنَ إِذَا شِئْتَ سَهْلاً

"Аллахумма, ля сахля илля ма джа'альта-ху сахлян, ва Анта тадж'алю-ль-хазна иза ши'та сахлян!"

Аудармасы: " Иә Алла, Сен жеңілдеткен нәрседен жеңіл еш нәрсе жоқ, әрі  егер Сен қаласаң бұл ауыртпалықты да жеңілдете аласың!"[1]

وَقُل رَّبِّ أَدْخِلْنِي مُدْخَلَ صِدْقٍ وَأَخْرِجْنِي مُخْرَجَ صِدْقٍ وَاجْعَل لِّي مِن لَّدُنكَ سُلْطَانًا نَّصِيرًا

«Рабби әдхилнии мүдхалә сидқин уә әхрижнии мухражә сидқин, уәжъал лии мил ләдункә султанән нәсиира»[2].

Мағынасы: «Раббым! Менің кіретін жерімді оңды қыл және шығатын жерімді де оңды қыл! Әрі маған өз қасыңнан жәрдем күшін нәсіп ет!”

Емтиханға кіргеннен кейін, келіп-түскен сұрақтарға жауап бермес бұрын Мұса (ғ.с.) пайғамбардың мына дұғасын оқыса болады:

قَالَ رَبِّ اشْرَحْ لِي صَدْرِي وَيَسِّرْ لِي أَمْرِي وَاحْلُلْ عُقْدَةً مِّن لِّسَانِي  يَفْقَهُوا قَوْلِي

«Раббишрәх лии садри. Уә яссир лии әмри. Уәхлул ъуқдәтәм мил лисәни. Яфқаһуу қаули!»[3].

Мағынасы: «Уа, Жаратушы Ием! Менің көңілімді (немесе зейінімді) аш. Маған ісімді жеңілдет. Тілімдегі шырмауды шеш. Менің айтқаным оларға түсінікті болсын!

Ескерте кететін жайт, «Талапты ерге нұр жауар» дейді дана халқымыз. Яғни, емтиханның нәтижесі де әркімнің өз еңбегіне, дайындығының деңгейіне, талпынысына байланысты болатынын естен шығармауы керек. Себебі, Құранда: «Адамға тек еңбегіне қарай нәтиже бар. Сөз жоқ адам еңбегінің нәтижесін көреді»[4], - деген аят бар.

Сонымен бірге, ҰБТ-ның оң нәтижесін өмірдің тамаша жалғасуының белгісі деп түсінбеу керек. Сол сияқты ҰБТ-дан өтпей қалу да өмірдің мәні түгесіліп, тіршілікті қара түнек қаптауының белгісі емес. Ғылым мен технологиялық прогресстер дамыған бүгінгі таңда, сан-салалы мамандық пен кәсіптің, жеке дамудың жолдары өте көп. 

Ummet.kz


[1] Ибн Хиббан, 2427.

[2] "Исра" сүресінің 80-аяты.

[3] "Таха" сүресінің 25-28 аяттары.

[4] "Нәжім" сүресі: 39-40 аят.

Бөлісу: