26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Наурыз – татулық пен бірліктің символы

Наурыз – татулық пен бірліктің симовлы

Мақалалар
Жарнама

Ардақты ағайын!

Исі түркі баласының ортақ мерекесі, халқымыздың төл мейрамы әз Наурыз құтты болсын!

Наурыз – халқымыздың ықылымнан дәстүрге айналған ұлттық мейрамы ғана емес Ұлы Дала төсіндегі ағайынның татулығы мен бірлігінің, дүниетанымы мен эстетикасының, мейірі мен мерейінің символы.

Қыматты бауырлар!

Наурыз – қоғамдық маңызы айырықша мейрам. Мереке күндері ағайын бір-бірімен қауышып, ренжіскен адамдар татуласып жарасымды ынтымаққа қадам жасайды. Мерекелік шаралар өткізіп, ұлттық спортты насихаттап, ұрпақты салауатты өмір салтына баулиды. Бұлақтың көзін ашып, тал отырғызып, экология мен қоршаған ортаға өз жанашырлығы мен мейірімін паш етеді.

Осындай асқақ рухы бар төл мерекемізді заман талабына сай жаңғыртып, жандандыра түсу – «Мәңгілік Ел» идеясымен жаңа дәуірге қадам қойған жас ұрпақтың ұлы міндеті саналмақ.

Ендеше, айтулы мереке ырыс-құтқа толы болғай!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Асқар Мұқанов
"Нұр Астана" мешітінің бас имамы

Бөлісу: