26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Сәбә патшайымы – Балқис

Сәбә патшайымы – Балқис

Мақалалар
Жарнама

Адамзат тарихында мемлекет басқарған әйелдер саусақпен санарлық.

Солардың ішінде Құран Кәрімде қиссасы баян етілген Сәбә патшайымы Балқис. Балқис Йемен жеріндегі Химяр мемлекетін ақыл-парасатпен ұзақ жылдар басқарған Сәбә тұқымынан шыққан патшайым. Балқис мемлекетті дамытып, халықтың жағдайын жоғары деңгейге жеткізді. Тарих бетінде өшпес даңқ қалдырды.

Хамадани өзінің еңбегінде Балқистің тегі жөнінде «ол -Иласаросқызы Балқис[1]» деп жазады. Сегізінші атасы патшалықтың іргетасын қалаушы Сәбә. Жас қыз таққа отырған кезде шонжарлардың бір тобы әйелдің мемлекет басқаруын құптамады. Тіпті, әскер жинап көтерілді. Жас тәжірибесі аз патшайым аман қалу үшін бас сауғалап қашуға мәжбүр болды. Билікті күшпен алған қорқытушы Амр елді талан-таражға салып, елді әбден қажытты. Ол Балқисті тұтқындап өз жеңісіне шараппен тойлап отырып масайрап дәрменсіз қызды тергеу үстінде мас боп қалғанын сезбей де қалды. Осылайша, азығын аулаушы аңшы күйінен бір сәтте қақпанға түскен аңға айналды. Балқис жауының басын алып, билігін өзіне қайтарып алды. Осылайша, залым билеушіден уәзірлер де, халық та біржолата құтылды.

Әйел патшайым мемлекетінің даңқы төрт тарапқа жайылды. Құран Кәрімдегі айтылған асыл шыныдан салынған сарайы соның бір куәсі. Бұл ғажайып сарайдың астынан сол дәуірде үлкен су қоймасы тұрды. Мариб су қоймасы елдегі мал және егін шаруашылығын аяққа тұрғызды.

Балқис патшайымның сарайын әйел сақшылар күзетті. Патшайымның құзырында Химяр елінің текті әулеттерінен 360 қыз өмір сүрді. Сарайда ол қыздар намысты әйел, болашақ ана етіп тәрбиеленді. Бойжеткен қыздар текті отбасына қыздың қалауымен тұрмысқа ұзататын. Ал, Балқисдың өзі Сүлеймен пайғамбармен (ғ.с.) кездескенге дейін тұрмыс құрмады.

Балқис сарайына Сүлеймен пайғамбардың (ғ.с.) хаты келгенде уәзірлерін шақырып, алқалы мәжіліс құрып кеңесті. Сахаба Абдулла бин Аббас (р.а.) бұл жөнінде: Балқистің мың қолбасшысы болды. Әр қолбасшының қарамағында он мың әскер болды деп айтқан[2].

Нәтижеде Балқис ақылдаса келе соғыс емес одақтасқан жөн деп шешім қабылдады. Десе де, бір сынамақшы болды. Сүлеймен пайғамбармен (ғ.с.) кездеспек боп жолға аттанды. Пайғамбар тұрағы алыстан бұлдырап көрінген кезде, патшайым Сүлейменге (ғ.с.)  сыйлығын жөнелтті. Сыйлықты табыстау үшін төре тұқымынан ақыл парасатына сымбаты жарасқан қырық жігітті жіберді. Жолдаған сыйлығы алтын-күміс, зүбәржад, жақұт сияқты асыл тастармен бірге жүз құл мен жүз күң еді.

Ал, Балқистың өзі төрелері мен қолбасшыларына соғысқа дайын тұруын әмір етті. Егер сый-сияпатты қабыл алып, соғыс қаламайтынын білдірсе, әрі Құдайға үндейтін болса расымен де пайғамбар болғаны. Онда оның артынан ілесеміз.

Ал, егер сыйлықтарымызды қабыл алмаса, сұрағанымызға қанағаттанарлықтай жауабы бермесе ол жай билеуші. Ондай билеп төстеушіге бас иіп оған шыдап тұра алмаймыз. Ал, пайғамбар болса, онда қарсы шықсақ Құдайдың қаһарына қарсы шыдай алмаймыз деді. Елшілері қайтып келген соң, Балқис өз аяғымен барып, Сүлейменнің сөздерін өз құлағымен естіп келмек болды. Патшайым мемлекетінің төрелерінің ішінен жүз жиырма кісіні таңдап алып пайғамбар құзырына барды. Қайтып келген патшайым жұртына: Хиямар халқы, сендер Алла Тағаланың таңдап алған ұғланысыңдар. Сендерді көп халықтан артық етті. Бүгін сендердің алдыңда сынақ тұр. Даудұлы Сүлейменді пайғамбар деп мойындап, Құдайдың берген нығметтеріне шүкіршілік ету, әйтпесе оған қарсы шығып Құдайдың берген нығметтерінен айырылу,-деді. Уәзірлері мен нөкерлері: Патшайым, шешімді сен қабылда. Біз сенің артыңнан жүреміз,-десті. Осылайша, Балқис мұсылман боп әрі пайғамбар, әрі патша Сүлейменнің (ғ.с.) жұбайына айналды. Балқис Сүлеймен пайғамбарға Ровоам есімді ұл туып берді. Ровоам еврейлер патшалығын құрушы боп есептеледі. Патшайым Балқис Антакия қаласында ұлы Ровоам өлтірілген жылы қайтыс болды.

Мұхаммед Ибраһим

Исламтанушы

 

[1] Хамадани, Иклил

[2] Табари

Бөлісу: