24
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірінен құрбан айтқа қатысты 10 дерек

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірінен құрбан айтқа қатысты 10 дерек

Мақалалар
Жарнама

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) көзі тірісінде құрбан айт пен өзге де мейрамдарға айрықша мән беретін.

Алла Елшісінің (с.ғ.с.) өнегелі өмірі мен бізге дейін жеткен насихаттарында бұл мейрамдардың қадір-қасиеті мен мән-маңызын білдіретін бағыт-бағдар бар. Олай болса, құрбан айт мейрамына қатысты Сүйікті пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірінен 10 дерек ұсынамыз:

  1. Айт намазына ғұсыл құйынып, үстіне әдемі киімін киіп, жұпар иіс сеуіп баратын.
  2. Айт намазына жаяу баратын. Жылда (жаңбыр жауып кеткен бір жылғы айттан тыс) айт намазын Мәдинаның сыртындағы барлық жамағат толық сыятын алаңда оқытатын. Бара жатқанда жолай көрген кісілермен сәлемдесіп, мейрам күні екенін еске салатын.
  3. Жамағатқа айт намазын оқытатын. Айт намазына жамағаттың қалмай келуіне баса назар аударатын.
  4. Айт намазына әйелдердің де қатысуына рұқсат беретін.
  5. Айт мейрамында ең бірінші құрбандыққа шалынған еттен ауыз тиетін.
  6. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жылда құрбандыққа 2 мал шалатын. Біреуін өзінің атынан, екіншісін құрбан шала алмайтын мұсылман қауымның атынан бауыздайтын еді.
  7. Кей деректерде отбасы және жарларының атынан да құрбан шалғандығы жазылады.
  8. Алланың Елшісі (с.ғ.с.) шалынған малдың көп бөлігін мұң-мұқтаждарға тарататын.
  9. Қоштасу қажылығында 100 түйені құрбандыққа шалған. Оның 63-ін әрбір жасына арнап құрбан ретінде өзі бауыздаса, қалғанын бауыздауға Хазірет Әліге (р.а.) өкілдік берген.
  10. Қайтыс боларында Хазіреті Әліге өз атынан құрбан шалуды насихаттап кеткен. Хазіреті Әлі тірісінде өзінің және Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) атынан құрбан шалып отырған.

Дайындаған Жұмабекқызы Индира

Бөлісу: