08
Жұма,
Қараша

һижри

ҚМДБ-ның 2016 жылы атқарған жұмыстары

Мақалалар
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ары қарай – ҚМДБ), 2011 жылғы ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына және ҚМДБ-ның 2012 жылы қабылданған Жарғысына сәйкес, өзінің жұмысын тиісті нормативтік-құқықтық актілер шеңберінде атқаруда. Діни басқарманың Орталық аппараты өз шеңберінде 15  бөлімнің жұмыстарын ұйымдастырып, тиісті нұсқаулықтар беруде. 2016 жылы ҚМДБ-ның басты бағыттары бойынша атқарған жұмысының нәтижесі төмендегідей:

ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША

 «Ислам және зайырлы қоғам» атты конференция өтіп, үндеу қабылданды.

«2016 – Дін және тарих тағылымы» жылы деп аталып, республика бойынша семинарлар, конференциялар өткізілді.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР БОЙЫНША

 Ағымдағы жылы ҚМДБ-ның қызметкерлерінің 10 шетелдік іс-сапары ұйымдастырылды. Атап айтқанда: Мысыр, Түркия, Ресей Федерациясы, Хорватия, Белорусь, Татарстан, Иран, Малайзия, Өзбекстан, Германия мемлекеттері.

Сонымен қатар, Бас мүфти 15 халықаралық іс-шараға қатысты. Сондай-ақ, 12 шетелдік дін өкілдерін қабылдады.

ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІ БОЙЫНША

 2016 жылы «Ғұламалар кеңесінің»  4-отырысы өтті.

Күн тәртібінде 37 мәселе қаралып, 18 хаттамалық тапсырмалар беріліп, 5концептуалды құжаттар мен Үндеулер қабылданып, 16 мәселе бойынша шешім шығарылып, оның ішінде 6 пәтуа бекітілді.

Кеңестің отырыстарында «Дәстүрлі ислам жауһарлары», «Жаназа», «Дін мен дәстүр-ІІ»  және «Сборник фетв»  атты 4 кітап баспаға ұсынылды.

ШАРИҒАТ ЖӘНЕ ПӘТУА БӨЛІМІ БОЙЫНША

2016 жылы «Шариғат және пәтуа бөлімі» жалпы саны 15 пәтуа шығарды. Дәлірек айтқанда: «Жаназаның үкімі», «кесене тұрғызудың үкімі», «жаназада орындалатын кейбір үрдістер», «құрсақ ана болудың шариғи үкімі», «тағам құрамындағы қоспалардың үкімі», «кесене тұрғызудың үкімі», «сиқыр», «таблиғи жамағаты миссионерлік ұйымы», «мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету», «түзеу колониясында жазасын өтушілердің намаз оқу уақыты», «қоғам қайраткерлерін еске алу», «спираль қоюдың үкімі», «лизинг», «қабір басында өсімдіктерді жұлудың үкімі».

Fatua.kz cайтына келіп түскен 4186  сұраққа  жауап берілсе, Діни басқармадан 678  пәтуа сұралып,  815  телефон  қоңырауына жауап берілді.

 

ДІНИ БІЛІМ ЖӘНЕ КАДР ДАЙЫНДАУ БОЙЫНША

2016 жылы Сарыағаш, Шымкент, Алматы, Ақтөбе қалаларындағы медреселер колледж мәртебесіне көтерілді.

«500 зияткер имам» тұжырымдамасы әзірленді (діни қызметшілердің яғни, Бас имам, найб имам, ұстаз, молда, азаншылардың лауазымдық міндеттемелері дайындалды).

Қазіргі таңда барлығы 2568 маман дайындалуда. Оның ішінде:

 - «Нұр Мүбарак» университетінде 1035 маман

-  медреселерде 1234 маман

-  қарилар орталығында 300 маман.

Жоғарғы білімді мамандар: 2016 жылы «Нұр-Мүбарак»  Египет Ислам университетін 126 (оның ішінде:  110  ұл,  16  қыз бала) студент бітірген (оның ішінде 10 студент магистратураға түскен).  Қазіргі таңда аталмыш университетте 1065 студент бар (625  студент мемлекеттік грант иегері).

Олардың ішінде:

- 979 бакалавр (орыс тілді топта  38  бала), оның ішінде «Исламтану» мамандығы бойынша 859  студент бар ( олардың  666-сы ұл,193-ы қыз бала).

- 74 магистр,

- 12 докторант

Орта білімді мамандар: Республика бойынша медреселерде 1234  шәкірт оқиды (оның ішінде:  887  ұл,  347  қыз).

Олардың ішінде:

-923 колледж статусын алған 4  оқу орнының студенттері,

-311 студент 5  медреседе тәлім алуда. 2016 жылы 221  (175  ұл,  46  қыз бала)  студент медреселерді бітірген.

Олардың ішінде:

-  107-сі имамдық, ұстаздық қызметте.

-40-ғы  «Нұр Мүбарак» университетіне түскен,

-3-еуі Халықаралық Қожа Ахмет Яссауи университетінде,

-2-еуі Алматы қ.Абылайхан атындағы шет тілдер университетінде,

- 39-ы «Қарилар» орталығында.

Қарилар дайындау: Ү.ж. «Ықылас» қарилар дайындау орталығында қыздар тобы ашылды. Онда50-ден астам қыздар оқуда.  Жалпы«қарилар орталығында» 451 шәкірт оқуда. 2016 жылы «Қарилар орталығын» 5 түлек бітірген. Мамандарды қайта дайындау бойынша: ҚМДБ-ның құрамында 718  (19% )  жоғары, 1033 (27%) орта білімді, 1786 (54%) діни қызметкерлер бар. 2016 жылы  Ислам институтында 2 айлық курста 270 имам білімін жетілдірген. Имамдардың білімін жетілдіру курстарына 1693 имам-молдалар қатысты. Сонымен қатар 204  семинар өтіп,  2968 дін қызметкерлері қатыстырылды. Мысыр мемлекетіндегі «әл-Азһар» университетінде 2  айлық білімін жетілдіру курсында 5 имам оқуда. Халықтың діни сауатын ашу бойынша: Ү.ж. мешіттердегі 28000 тұлға сауат ашу курстарынан өтті.  Бүгінгі таңда 785 мешітте сауат ашу курстары жұмыс істеуде. 2016 жылы 74 177  (51 474 ер, 22703 әйел) тұлға мешіттердегі сауат ашу курстарына қатысқан. Балаларға арналған жазғы сауат ашу курстарында 22 739  оқушы тәлім алды. Имамдарға жәрдемші шетелдік дін мамандары: Елімізде ҚМДБ-ның шақыртуымен діни қызметті жандандыру мақсатында 3  жылға келген 31 дін маманы қызмет атқаруда (Олардың ішінде: 11-і түркиялық, 20-сы мысырлық ұстаздар).

 

УАҒЫЗ-НАСИХАТ БӨЛІМІ БОЙЫНША

Ү.ж. республикамыздың барлық мешіттерінде бір мезетте айтылатын жұма уағызының 52 тақырыбы бекітіліп, әр сейсенбі күні уағыздың мәтіні www.muftyat.kz  және 20 аймақтық  сайттарда жарияланды. «Пәтуа жинағы» кітабы 1000 дана және «Дәстүрлі ислам жауһарлары» 3000 дана болып басылып шықты. Ағымдағы жылы Республикалық ақпараттық-насихат (бұдан әрі – РАНТ)  мен Жергілікті ақпараттық-насихат топтары (бұдан әрі – ЖАНТ)жалпы 35 606  кездесу өткізіп, онда 1 585 044  тұлға қамтылған.

Оның ішінде;

- 38 762  түзеу мекемелері,

- 327 561  оқу орындары,

- 180 869  мемлекеттік және түрлі мекемелері,

- 1 037 852  тұрғындар мен мешіт жамағаты. 2 топтың жұмыс көрсеткіші жеке бөліп қарағанда төмендегідей:

1)РАНТ бойынша (құрамында  6  топ,  33  маман бар)  жалпы  506  кездесу өткізіліп, 69 472  тұлға қамтылған.  Оның ішінде: -43 973 мешіт жамағаты мен ауыл тұрғындары;

- 430 түзеу мекемелеріндегі жазасын өтеушілер;

- 9 667 мемлекеттік және түрлі мекемелердің қызметкерлері;

- 14630 студенттер, оқушылар мен оқытушылар; 

-772 дәрістер мен семинарларға қатысушылар; 

- 774 дәстүрлі емесидеологияның ықпалына түскендер.

РАНТ мүшелері республиканың бірнеше облыстарына іс-сапармен шықты (Оның ішінде:

Астана қаласына – 1 рет,

Алматы қаласы – 1 рет,

Ақтөбе облысы – 2 рет,

Атырау облысы – 1 рет,

Жамбыл облысы – 1 рет,

Қарағанды облысы – 1 рет,

Қызылорда облысы – 1 рет,

Маңғыстау облысы – 2 рет,

ОҚО – 1 рет.,

ШҚО – 1 рет,

Павлодар облысы – 1 рет,

СҚО – 1 рет,

Семей аймағы – 3 рет).

2)ЖАНТ бойынша (құрамында  78  топ,  295  маман бар) 35 100  кездесу өткізіліп, 516 344 тұлға қамтылған.  Оның ішінде:

- 38 332 түзеу мекемелеріндегі жазасын өтеушілер,

- 312 931 студенттер, оқушылар мен оқытушылар; 

- 171 202 мемлекеттік және түрлі мекемелердің қызметкерлері 

- 993 879 мешіт жамағаты және ауыл тұрғындары. Ү.ж Ақтөбе облысы бойынша радикалды тұлғалармен түсіндірме жұмысын жүргізу мақсатында ҚР Бас Прокуратурасының ұйымдастыруымен болған шарада 28  РАНТ мүшелері қатысып, нәтижелі оңалту жұмыстарын өткізді.

ЖАТ АҒЫМДАҒЫ АДАМДАРМЕН ЖЕКЕ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША

2016 жылы 1398 жат ағымдағы тұлғалармен жеке түсіндіру жұмысы жүргізіліп, нәтижесінде нақты 533 тұлға дәстүрлі дінге бет бұрды. ЖАСТАР ІСІ БӨЛІМІ БОЙЫНША 2016 жылы жалпы республика көлемінде жастарға қатысты 22 000  іс-шаралар ұйымдастырылып, аталған іс-шараға  626 000-ға жуық адам қатысқан. Сонымен қатар,4300 үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, 300 000-ға жуық жастар қамтылды.

Оның ішінде:

-1250 танымдық рухани тәрбие жұмыстары жүргізіліп, оған 100 мыңға жуық адам қатысқан.

-800 спорттық шара өткізіліп, 120 000 адам тартылған.

-15 000 қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылып, 110 000 адам қамтылған.

ӘЙЕЛДЕР-ҚЫЗДАР СЕКТОРЫ БОЙЫНША

2016 жылы ҚМДБ-ның әйел-қыздар секторы ашылғаннан бері 1 республикалық конференция, 1 республикалық семинар, 86қайырымдылық іс шаралар, 115  қоғамдық іс шаралар, 43 үгіт-насихат іс шаралары, 2 Құран, хадис жарыстары, 2 спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Сондай-ақ 93 жат ағым жетегінде жүрген әйел-қыздармен кездесу өткізіп, 3 адам райынан қайтты.

ТҮЗЕТУ КОЛОНИЯСЫ БОЙЫНША

Бүгінгі таңда түзеу мекемелеріндегі оңалту жұмыстарын ҚМДБ-ның 96  имамы жүйелі, жоспарлы түрде түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. 2016 жылы террористік және діни экстремистік әрекетке қатысты сотталушы 1410 тұлғаға қатысты жеке түсіндірме жұмысы жүргізіліп, нәтижесінде 186 сотталушы дәстүрлі дінге бет бұрды. Сонымен қатар 96  сотталушы өздерінің радикалды көзқарастарынан бас тартты. 2016 жылдың 29 қарашасында ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен Астана қаласындағы «Әзірет-Сұлтан» мешітінде түзеу мекемелерімен түсіндірме жұмысын жүргізетін барлық облыстардағы имамдарға психологиялық тренинг өткізілді.

ҚАЖЫЛЫҚ БӨЛІМІ БОЙЫНША

Ү.ж. елімізден 3000-ға жуық адам қажылық парызын өтеп қайтты. Қажыларды апаруға қатысты отандық 10 фирма іріктеуден өткізіліп(«Яссауи», «Атлас», «Хикмет», «Әл-Маруа», Нұр-Қазақстан, «Қызмет-Саяхат», «Дельта», «Санабл», «Хидаят-Нұр», «Ансар»), қажылық жұмыстарын ұйымдастырды.

Қажылық миссиясы (18 тұлғадан құралған) төмендегідей бағыттарда жұмыс жүргізді:

-Туристік фирмалардың ұйымдастырушылық шараларын бақылауға алу, сапалық жағын тексеру,

-қажылардың денсаулығын жіті қадағалау,

-фирмадағы уағызшылардың жұмыстарын үйлестіру, -қажыларды жат ағымдардан қорғау.

БАСПАСӨЗ БӨЛІМІ БОЙЫНША

2016 жылы басылымдарға 473 ақпарат, мақала, сұхбат жарияланды. Аталған материалдардың көрілім саны 2 994 632-ге жетіп,  1 804пікір жазылды. Тек қажылық маусымы кезінде 162 материал жарық көрді. Осымен қатар, «Евразия» арнасындағы «Жұма уағызы» бағдарламасының 50 шығарылымы әзірленді. 2016 жылдың басында ҚМДБ жанынан баспасөз клубы құрылып, журналистермен өткізілген кездесулер, тренингтер тұрақты жүзеге асып келеді.

ҒАЛАМТОРМЕН ЖҰМЫС БӨЛІМІ БОЙЫНША

Ү.ж. ҚМДБ-ға қарасты сайттарда әртүрлі тақырыптағы танымдық  4574 мақала, ғибратты 669 әңгіме,  ҚМДБ мен аймақтағы өкілдіктердің іс-шаралары, Ислам әлемінде болып жатқан оқиғалар жайлы  11 000  жаңалық жарық көрді.

Мультимедиялық контент бойынша 235 фоторепортаж, 1475 аудио және 1912 бейнеметариалдар жарияланды.

Сонымен қатар, ҚМДБ-ға қарасты 9  портал жаңартылып (www.muslim.kz,  www.ummet.kz,  www.sunna.kz  www.ihsan.kz,  www.nurgasyr.kz, www.taglym.kz,  www.aqmeshit.kz,  www.islam-atyrau.kz,  www.semey-meshet.kz), қолайлы функционалдық мүмкіндіктермен толысты. 

Барлығы 1.8 млн. қолданушысы бар 70-ке тарта әлеуметтік желілердегі Ислам қауымдастықтардың әкімгерлерімен қарым-қатынас орнатылды. Намаз үйренушілерге арналған қазақ және орыс тілдерінде «Намаз – діннің тірегі» атты мобильді қосымша іске қосылып, бүгінде аталмыш қосымшаны 200 мыңнан астам адам жүктеп үлгерді.

«ХИКМЕТ» ТЕЛЕРАДИОСТУДИЯСЫ БОЙЫНША

«Хикмет» телерадиостудиясы жалпы саны 320 бейне және 146  аудио өнімдерін жасап шығарды. Сондай-ақ, полиграфиялық өнімдер қатарында 6000-ға жуық әртүрлі дизайн үлгілері жасалып, 5000 дана CD жəне DVD дискілер, балаларға арналған 350 дана «Құран əліппесі» мен 350 дана «Имандылық əліппесі», 260 000 дана Жұма парақшаларын жасап шығарды.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАЛАР БОЙЫНША

2016 жылы «Бабалар еккен шынарды, балалары саялайды» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Бұл игі шараға Республика көлеміндегі барлық мешіт атсалысты. Нәтижесінде, 14 566 адамның қатысуымен 48 273 көшет отырғызылды. Сонымен қатар «Көрікті мешіт-2016» атты тазалық бәйгесі өткізіліп, 1, 2, 3 орын алған 7 мешітке Бас мүфтидің атынан үлкен қажылыққа жолдама берілді.

ҚМДБ тарапынан бірнеше оқулықтар жарық көрді.

Нақты айтқанда:

-«Дін-Насихат» кітабы (3000 дана);

- «Дәстүрлі Ислам жауһарлары» кітабы (2000 дана);

-«Ислам жанұясы» кітабы (15000 дана);

- «Намаз оқып үйренейік» кітапшасы  (6000 дана);

-Бахрейн мемлекетінен келген 146 000 дана Құран Карим кітап таратылды. Моңғолияның 50 имамына және РФ Алтай Республикасының 9  имамына ҚМДБ шапаны беріліп, Горно-Алтай қаласындағы орталық мешітке 120 шаршы метр кілем берілді.

ҚМДБ «ЗЕКЕТ ҚОРЫ» БОЙЫНША

Республика бойынша «Зекет» қорының жұмысы тұрақты түрде жүріп келеді. Атап айтқанда: қайырымдылық көмек, өзін-өзі қаражатпен қамтамасыз ете алмайтын имам-молдаларға, РАНТ мүшелеріне, 9 медресе, 2 қариларды дайындау орталығы және имамдардың білімдерін жетілдіру ислам институтының ұстаздарына жалақы беріліп келеді.

МЕШІТ ІСТЕРІ БӨЛІМІ БОЙЫНША

Бүгінгі таңда республика көлемінде жалпы 2 518 мешіт жұмыс істеуде. 2016 жылы 82 жаңадан салынатын мешітке Бас мүфтидің рұқсаты беріліп, республика бойынша 20 мешіт ашылып, 350  имамға бас сенімхат берілді. 118 мешіттің құжаттары қайта тіркелу үшін ҚР Әділет министрлігінің облыстық әділет департаменттеріне тапсырылды.

ХАЛАЛ СТАНДАРТТАУ ЖҰМЫСТАРЫ

 2016 жылдың ақпанында ҚМДБ-ның еншілес «Халал Даму» ЖШС-і құрылды.

Сонымен қатар, төмендегі іс-шаралар жүзеге асырылды: 

- Имамдардың білімін жетілдіру институтында «халал стандарттау» пәні өткізілді.

- «Қасапшылық – сауапты һәм жауапты іс» атты қасапшыларға арнайы семинар-тренингтер өткізілді. Семинарға 137 адам қатысып, оның 45-і куәлік пен жеке бас мөр алды.

- Алматы қаласында «Халал өнімдерінің жәрмеңкесі»атты алғашқы жәрмеңке ұйымдастырылды.

 - ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның қызметі жайлы, «Халал ас дегеніміз не?» деген атпен анықтама ақпараттары қамтылған буклеттер жасалды. -«Halaldamu.kz» ресми сайты іске қосылды. Ү.ж 3 түрлі стандарт жасалды: - «ХАЛАЛ» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» 1: 2015

- «Мал бауыздау және ет өңдеу» 1:2016

- «Тағамға қатысты қызметтер»2:2016

Аталған стандарттарды құруда Малайзиядағы JAKIM және Түркияның SMIIC халал сертификаттау ұйымдарының ресми рұқсатымен стандарттары пайдаланылды.

КЕҢСЕ ЖҰМЫСТАРЫ

2016 жылы Діни басқармаға 418  кіріс хаттар (министрліктер, мем.ұйымдар, әкімшіліктер, елшіліктер, жеке ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, жеке адамдар)келіп түсті. ҚМДБ орталық аппараты қызметкерлерінен және республика бойынша барлығы 2 833 ұсыныстар, өтініштер келіп түсті.

КАДР БӨЛІМІ БОЙЫНША

2016 жылы Бас мүфтидің 2455бұйрығы толтырылып, тіркеуге алынды. Соның ішінде 1422-сі тағайындау бұйрықтары болды. Республика бойынша 637 молдаға тағайындау бұйрығы тапсырылып, сонымен қатар 786 қызметтік куәлік берілді. Астана, Шымкент, Орал, Үшқоңыр медреселеріне, Ақтөбе облысы мен Алматы өңірінің өкілдігіне білікті мамандар басшылыққа тағайындалды. Діни басқармаға қарасты медреселерге түсуші 1000-ға жуық талапкерлердің құжаттары тексеріліп, қабылдау комиссиясына жіберілді.

 

 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

 Muftyat.kz

Бөлісу: