Адам баласына тән нәрсе, қайсы бір іс пайдасы мол болса соны жасауға асығады. Яғни ол пайда қаржыға, табысқа я болмаса денсаулыққа қатысты болуы мүмкін. Әйтеуір пайдасы мол болса болды, соны жасауға асыды. Осындай Алла тағаланың иман келтірген пенделеріне бұйырған бес уақыт намазда, пайдасы мол істерге жатады. Оқылған намазға берілетін сауабтар, кешірілетін күнәлармен қатар, денсаулыққа беретін пайдасы өте көп. Соның біріне мен жақында куә болдым.
Бұл оқиға суық тиіп ауруханада, неврология бөлімінде емделіп жатқанымда болды. Мені аурухананың бес адамдық төсек орыны бар палатаға жатқызды. Қасымдағылар әртүрлі диагнозбен жатқан кісілер болды. Күнделікті, емдеуші дәрігер келіп науқастарды қарап, тексеріп олардың тез айығып кетулері үшін өзінің нұскаулықтарын айтып жүретін еді. Осы жерде мені қатты таңғалдырған мына нәрсе болды. Емдеуші дәрігердің қасымдағы жатқан науқас кісілерді тексерген сайын, әр қайсысына диагнозына сай берген нұсқаулықтар еді.
Ол нұсқаулықтарында дене бұлшық еттері мен сіңірлеріне және нерв жүйесінің дұрыс жұмыс жасауына пайдасы тиетін жаттығуларды айтатын. Мен сырттай бақылап отыратынмын. Тізесі бүгілмей қалған бір науқасқа қарап «Қане, аяғынызды былай қимылдатыңыз», тағы бір мойын омыртқасы ауырған науқасқа «Сіз, күнделікті мойыңызға мына жаттығуларды жасап тұрыңыз, ол жаттығулар сіздің кайталап ауырмауыңызға жәрдем береді» деп, бір қимылдарды көрсетті. Аллаһу акбар! Мен ол қимылдарды көріп, аң таң болдым. Себебі ол қимылдары біздер күнделікті оқыған намаздарымызда жасап жүреміз. Сол уақытта Аллаһ тағаланың иман келтіріп, намаз оқыған пенделеріне деген рақымын бұрынғыдан да күштірек сезіндім. Ұлы Аллаһ тағала пенделеріне пайдасыз немесе шамасы келмейтін нәрселерді жүктемейді ғой.
Қарап көрейікші, кейбір адамдар намаз оқымау үшін түрлі сылтаулар табады немесе кейбіреулері менсінбейді «намаз, ол молдалардың ісі» деп айтады, ал тағы біреулері оқудан ұйялады. Мінекей осындай адамдар тек сауаптан ғана емес, бағасы жоқ, қымбат денсаулықтарына пайдасы мол істен құр қалып жатыр.
Бұл айтылған науқастар намаз оқыса осындай аурумен ауырар еді ме? Осы нұсқаулықтарды айтып жатқан дәрігер білеме екен, мыңдаған жылдардан бері намаз оқыған кісілер ол жатығуларды намаздарында жасайтынын?
Бірақ өкінішке қарай дәрігер де, ол науқастар да намаз оқымайтын кісілерден еді……
makala.kz