«Қанағат қарын тойғызар, қанағатсыз жалғыз атын сойғызар» деп Майқы би айтқандай, адам баласы жоққа сабыр, барға қанағат еткенге не жетсін. Алланың берген несібесіне тоба етіп, әрбір атқан таңды көргеніңе шүкіршілік етудің өзі бір ғанибет. Бес күндік мына жалған дүниеде адамдарға жақсылық жасап, сол жасаған жақсылығың жүргеніңе жылылық ұялатып жатса онда өмірді бекер сүрмегенің.
Уақыт алға жылжып, заман ағымына қарай адамзат баласының пейілі де ой-арманы да өзгеруде. Жарық дүниенің есігін ашқан әрбір пенде бақытты болсам деп жатады. Ал бақыттың ауылын Аллаға құлшылық етіп, мұсылманның бес парызын орындау арқылы сол бақытқа жетуге болатындығын естен шығарғандай. Бүгінгі таңда адамдар байлыққа ұмтылып, бар мәселені ақша шешетіндей болыпалды. Десекте, жандүниесі сұлу, өзін қоршаған ортаға деген мейірімі мол, жаны таза, пейілі ақ адамдар аз емес. Мұндай адамдар қолда барын қанағат етіп, ысырапшылыққа бой алдырмайды. Ұлы Абайдың: «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңіндегі «Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым ойлап қой, бес асыл іс білсеңіз» дейтін өлең жолдарына көз салсаңыз бала кезден алдыға мақсат қойып, талаптан, еңбектен ет, азға қанағат ету арқылы өмірді жақсартып, тұрмысты түрлендіріп мәнді де сәнді жасауға болатындығын ұғынуға болады.
«Қанағат» сөзі араб тілінен енген сөз. «Барына разы болу» деген мағынаны білдіреді. Алланың бергеніне риза болу арқылы ешкімге қол жаймай, адал еңбек етіп, тапқан табысыңның көзін тауып, игілігіне жұмсау арқылы жайлылықта өмір сүрудің маңызы зор деп білеміз. Әйгілі сахаба Сағид ибн Әбу Уаққас баласына: «Ей, балам, егер сен Алладан байлық сұрасаң, қанағат сұра. Ол ақиқатында таусылмайтын байлық» (Ғуинул ахбар кітабы, 207/3) деп өсиет етіпті. Расында да өзгенің байлығына сұқтана қарап, сыртынан ғайбаттау, немесе жалқаулыққа салынып, өзгеге қол жаю, болмаса өзіңде артылып жатса кейде кепшікке, тұрмысы төмен отбасыларына беруде сараңдық таныту – адмгершілікке жатпайды. Сондықтан Құран Кәрімнің «Хаж» сүресінің 36 аятында былай делінген: «Енді, қашан, жанбастарымен түскендеріңде (яғни, жан бергендеріңде) олардан (өздерің де) жей беріңдер, (біреуден ешнәрсе сұрамайтын) қанағаттыға да және (мұқтаж) тіленшіге де жегізіңдер. Шүкір етулерің үшін Біз оларды (яғни, түйе, малдарды) сендерге бойұсындырдық».
«Ал пайғамбарымыздың (ﷺ) бір хадисте: «Қад әфләха мән әсләмә уә кәнә ризқуһу кәфәфән уә қана-аһу Аллаһу бимә әтәһу», «Мұсылман болып жеткілікті табысы болған және осыған қанағат еткен кісі қандай бақытты» немесе «Кім мұсылмандықты ұстап, ризығы жеткілікті болып, Алла тағаланың берген барына қанағат етпесе, тозақ азабынан құтылғаны» – деп айтқаны-ды. Демек, адам бойында қанағатқа орын табылса ол адам бақытты. Ал, егерде барына қанағат етпей, қанағатсыздыққа бой алдырған адамның отбасында береке бірлік болмайтындығы ақиқат.
Қиын кезде өмір сүрген адамзаттың сұлтаны – пайғамбарымыздың (ﷺ) өзі және жанұясы қанағат етіп өмір сүрудің тамаша үлгісін көрсетті. Барға қанағат етіп, шүкіршілікпен сабырлықпен өмір сүру, байқуатты адамдардың мүлкіне, малына қызықпау, өзінде артық болып жатса өзіңнен төмендерге көмек қолын созу, Алланың разылығы үшін жақсылық жасауға үндеген пайғамбарымыз (ﷺ) өмірінен неге үлгі алмасқа? Сондай-ақ расулуллаһ (ﷺ) хадистерінде тамақтануда қарынды үш бөлікке бөліп, бірін тамақ үшін, бірін су үшін және бір бөлігін ауа үшін ажыратуға бұйырған. Енді бір хадисте: «Бір кісінің тамағы екі кісіге, екі кісінікі төрт кісіге жетеді» делінген. Ашкөздікке салынбай, сарандыққа бой алдырмай, қанағатпен достасып, жан-жағына жақсылық жасап жүргенде ғана өміріміздің мәнді болатындығын естен шығармағанымыз абзал.
Қанағат – Алладан өзгеден дәметпеу. Қанағатты болу – дан дүниеңе рахат сайланды, өйткені, Алланың разылығы үшін қолдағы барыңның қадірін білу. Қанағатшыл болу, адам бойындағы асыл қасиеттердің ең көркемі. Қай салада болмасын ертелі-кеш қоғамдағы құбылыстың барлығы тіршілік иелеріне әсерін тигізіп қоймайды.
Алла ризықты беріп қойып, қанағатыңды сынайды. Ислам діні адамдарға қанағатшыл болуды өсиет етуде. Қанағат дегенде аз ғана тірлік істеп қоя салу емес, күші жететіндей, қолынан келетіндей жұмыс істеуі мұсылман кісінің міндеті болып есептеледі. Аз бола ма, көп бола ма оған қанағат ету негізгі мақсат.
Пайғамбарымыз қанағатшыл адамдарды бақытты адамдарға теңеп кеткен. Қанағат етуші кісіге дінімізде үлкен табыс бар. Алланың елшісі (ﷺ) айтады: «Ислам жолына түскен, өмірінде жетер жетпес ризығы болып, соған қанағат еткен кісіге жанаттығы Туба (ағашы) нәсіп болады» (Хадисті имам Тирмизи жеткізеді, 2249).
Алланың елшісі (ﷺ) Ибн Умардан келген басқа бір хадисте: «Кім мұсылман болып, ризығы жетер жетпес болса да, Алланың бергеніне қанағат тұтса ол сөзсіз бақытқа кенеледі». (Хадисті имам Муслим жеткізеді, 1054).
Қанағатшыл адам Жүректі бұзатын, сауаптарды жоятын күнәлардан сақталады. Мысалы, күншілдік, көре алмаушылық, қызғаныш, өтірік сөйлеу, шағыстыру, арсыздық, ғайбат айту, т.б. осы сияқты дүние ахиретіне қауіпті істер. Қанағатшыл кісі қаншада Алланың өлшеміне разы болады. Берудің затына қызығушылық танытпайды, еш ауқытта күндемейді яғни ауыр күнәлар жасаудан аулақ болады.
Әйгілі сахаба Абдулла Ибн Масғұд: «Алланың ашуымен адамдарды разы ете алмайтындығың анық емес пе? Алланың берген ризығына бола ешкімді күндеме. Алланың бергеніңе бала ешкімді сөкпе. Ақиқатында ризық тырысып еңбек еткендердің ісіне біте бермейді, не жек көргендігің ісімен тоқтап қалмайды. Ризық-ол Алланың өлшемі,» – деген екен.
Алла оны әділдігімен, даналығымен, білімімен әркімге бөліп қойған. Алла тыныштық пен жан бақыттың шынайы сеніммен, ризалыққа яғни қанағатшылыққа даратқан. Ол қайғы мен қасіретті күдікпен, шағымға, яғни ашкөздікке қанағатсыздыққа бұйыртқан. (Ибн Абу Дуниа «Якин» кітабы, 118б).
Шынайы байлық туралы алланың елшісі (ﷺ) бізге жеткен көзқарасы бүгінгі біздің ойымыздан елде қайда бөлек. Алланың елшісі (ﷺ) айтады: «Мал-мүліктің көптігімен кісі бай болмайды. Жан дүниесінің байлығымен кісі ақиқаты бай болады». (Хадисті имам Бухари жеткізеді. № 6446)
Хазіреті Омар Иінберге уағыз айтқанда былай деген екен: «Расында біреуден дәмету кедейлік, ал адамдарға қол созбау байлық. Кімде-кім адамдардың қолындағы дүниеден дәметпесе, ол адамдарға қол жаймайды».
Әйгілі сахаба Сағид Ибн Әбу Уаққас баласына былай деп өсиет етіпті: «Ей, балам егер сен Алладан байлық сұрасаң қанағатты сұра. Ол ақиқатында таусылмайтын байлық». (Ғуиунул ахбар кітабы№ 207/3).
Кейбір даналардан: «Байлық деген не? – деп сұрағанда, «аз арманың, қолда барына ризашылығың, – деп жауап берген екен». (Ихиа Булумуддин 212/4).
Баймын деп асып тасыма, жақпын деп жасыма, өз еліңе қарай тіршілігіңді жолға қоя білу керек. Қанағаттың жөні осы екен деп, әрекетсіз жатып алма. Өмір сүру үшін, ұрпақ тәрбиелеп саналы ғұмыр кешкен абзал.
Атадын қалған нақыл сөздің бірі:
«Түстің өмірің болса, кештік мал жина», «Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді», «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей». «Іскер, пысық адам бейшаралық халге душар болмас», «Шүкіршілік, қанағатшылықта дұрыс», «Қанағат қарын тойыңдар қанағатсыздық астыңдағы жалғыз атыңды сойдырар».
«Шүкір де, қанағатпен қабыл ет те,
Кейбіреу кетеді – ау тек әрірекке
Алланың көпке берген несібесін
Аздың бөліп алуы әділдік пе?!»
Ақылды, парасатты жандар өз абыройын жоғары қойып, біреуден ешнәрсе дәметпейді. Алсам екен, пайдаланып кетсем екен деген пиғылды адам баласы ойдан сызып тастағаны жөн. Қанағат туралы даналық сөздерге жүргінсек.
«Елге бай құт емес, би құт».
«Сақалын сатқан қариядан
Еңбегін сатқан бала артық»
«Жаман атқа жал бітсе
Жанына торсақ байлатпас»
«Нысапты болсаң Жамағат
Алмайық елден жаманат
Ей! Мұсылман бауырлар
Болайық барға қанағат»
Ұлы ойшыл дана Абай атамыз:
Адам ғапыл дүниені дер менікі,
Менікі деп жүргенің бәрі онікі.
Тән қалып, мал да қалып, жан кеткенде,
Сонда олай болады не сенікі?
Қанағатшыл адамның жүрегіне Аллаға деген иман тұрақтайды, оның қай деңгейде өтсе ол Аллаға разы болады, Алла оған разы болады. Демек, қанағатшылдық аса құнды қасиет. Аллаға шүкіршілік етіп қанағатшыл болайық.
Рәмиз қажы АЗИЗОВ
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы
«Байзақ баба» мешітінің бас имамы