26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Жақсылық жасаудан жалықпа! (видео)

Мақалалар
Жарнама

Алла Тағала Құранда былай дейді: «Кімде кім шаңның тозаңындай жақсылық істесе, соның сыйын алады. Кім шаңның тозаңындай жамандық істесе, соның зардабын тартады» («Зілзәлә» сүресі, 7,8-аяттар). Енді қарап отырсақ, мынау біз өмір сүріп жатқан жер мекені уақытша ғана. Дәлірек айтқанда, жұмырбасты пенденің сынақтан өтетін орны. Сонда сынақты қалай өткізбекпіз?!

Егер білсеңіз, ол да оңай. Тек сауап істі көп жаса, кері тартып, жалқауланба! Құранда былай делінеді: «Расында, Алла жасаған игіліктеріңді (өте жақсы) біледі». («Бақара» сүресі, 273-аят) Әр нәрсені көруші Алла тағала кімнің не істегенін білмейді деп ойлайсың ба? Әсілінде, жақсылы-жаманды істеріміздің бәрінен толықтай хабардар. Олай болса, мұсылманның бойы жамандықтан алыс болып, жақсы іске жаны құмарлануы тиіс.

Ескеретін бір жайт. Мұсылман жасаған жақсылығын адамдар көрсін деп емес, Жаратушының разылығы үшін жасауы қажет. Сондықтан, әр таңымызды жақсылық жасаумен бастасақ, күніміз берекелі болмақ. Алла Тағала айтады: «Кім бір жақсылық істесе, оған одан да артық жақсылық бар». («Қасас» сүресі, 84-аят) Аятта айтылғандай, Сіздің жасаған жақсылығыңыз міндетті түрде Сізге қайта артығымен оралады. Мына қысқа видеоролик дәл осыны аңғартады. Бастысы, жақсылық жасаудан жалықпайық!

{youtube}BN7px3XzRoU{/youtube}

 

«ummet.kz» рухани – ақпараттық порталы

Бөлісу: