26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Делдалдық дағдарысқа ұласпасын

Мақалалар
Жарнама

Делдалдық «Тәлаққұру Рұқбанә» - деп ауылдан шығатын өнімдерді қала базарына жеткізбей жолдан сатып алуды айтамыз. Бұл сөзді Пайғамбарымыздың кезінде ауылдан әкелген затын, базарға жеткізбей орта жолдан арзанға сатып алып, базардағы саудагерлерге апарып, сатушыларға қолданған.

Таус ибн Аббас былай жеткізеді: «Алла Елшісі ауылдан көлігімен келе жатқандарды жолда қарсы алуға, базарға түспей тұрып, жүктерін сатып алуға, және қала адамының ауылдағы адамның атынан сатуына тыйым салған. Сонда тұрып: «Қала адамының атынан сату деген не?» дедім. «Қала адамы ауыл адамына делдал болып, оның затын сата алмайды»[1] деді.

Мұндағы мақсат – сұраныстағы тауарлардың шарықтап кетпеуі. Ұсынған тараптың шығарған шығынының орны толуы және пайда көруі меңзеліп отыр. Ауылдан қала базарына келген затты ортадан арзан бағаға сатып алып, қала базарында тұрған саудагерге үстіне қосып сататын болса, (қала базарындағы саудагердің отырған орнының ақысы, пайда көруі рұқсат етліген, заңдылық) осылардың барлығы қосылып, арзанға келген бағаның қымбаттауына әкеліп соғады.

Имам Әбу Ханифаның көзқарасы бойынша, «Өндірушінің өнімін жолдан сатып алып, сол жерден қайта сату арқылы, сол аймақтың халқына зияны тисе, ол онда - мәкруһ сауда(жек көрінген амал). Сатушы өзінің затын ортадағы адамның базар бағасынан арзанға сатып алғанын білсе, сату келісімін бұза алады» [2].

"Қалалық пен далалықтың (сатып алушы мен сатушының) арасына делдал болуды, тіпті, бір-біріне әкелі-балалы болса да, жасай алмайды" деп ескерткен Алла Елшісі.

Ислам діні  халық тұтынатын тауарлардың қол жетімді бағада болуына мән бергені соншалық, оны ғибадат деп бағалаған. Алла елшісі: «Кімде-кім азық-түлік заттырын жинап, сол күннің нарық бағасынан асырмай сатса, (сатылған заттың көлеміндейсадақа таратқандай болады»[3] деген.

Жасанды түрде бағаның өсуіне жол бермей, өндірушінің және тұтынушының пайдасын ойлап, сауда жасасақ, Пайғамбарымыз (с.а.с.) сүйншілеген (садақа таратқандай) сауапқа кенелеріміз сөзсіз.

Ендеше, ортада делдалдық жасап, біреудің үстінен пайда көріп, нарықтағы бағаны шарықтатып, Алла алдында күнәға батып, қарапайым халықтың наласына қалмайық.

Қанат ҚАЛЫМБЕТ,

исламтанушы, 

 



[1] Бухари, Ижар, 11.

[2] «Ислам ғылымхалы», Х.Өзтүрік. «Тәлаққұру Рұқбанә», 1185.

[3] Ибн Мәжә, Руһун, 16.

Бөлісу: