Мекке мәдениетінің ең көрнекті ғимараты, Қағбаға қарама-қарсы орналасқан, қаланың қай жағынан қарасаңда көрінетін, әлемдегі ең үлкен мұнаралы сағат бар.
Жоба жетекшілері Швейцар және Неміс инженерлері болып табылатын бұл сағаттың циферблат көлемі 43 шаршы метрді құрайды. Ал салмағы 21 тоннаны құрайды. Мұнара ұзындығы 607 метр. Бұл алып құрылғы 8 километр қашықтықта көрінеді.
Сағат пен ғимараттың ең ұшында ораналасқан алтын жалатылған жарты айды 45 метрлік тіреу(шпиль) байланыстырып тұр. Тіреуде Азан дауысын 7 шақырым қашықтыққа шығаратын 160 қуатты дауыс зорайтқыш орналасқан. Бұл дауысты Мекке қаласының барлық тұрғыны естиді.Жарты ай салмағы - 107 тонн. Диаметрі - 23 метр.
{youtube}1zb5bR8WOG4{/youtube}
ummet.kz