26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Жұмбақ болған суасты қалалары

Мақалалар
Жарнама

Порт Рояль. Ямайкa

 

1518 жылы құрылған «Порт Рояль» Кариб теңізіндегі ең ірі сауда орталығы болған. 1692 жылы 7,5 балды жерсілкінісі болып қаланы алып топан басады. Қаланың басым бөлігі су астына кеткен. Апаттан 2000-нан астам адам опат болып көпшілігі үшті-күйлі жоғалған. Кезінде бұл қалада жасырын келісімдер жасалып түрлі бұзғыншылықтар болған. Қаланың тұрғындары: «Осы ісіміз үшін Құдай бізді жазалады», - деп үйлерін тастап басқа елді-мекенге қоныс аударған.

 

 

Йонагуни-Джима Пирамидалары. Жапония

Експерт тарихшылар әлі күнге дейін бұл алып Пирамидалардың қалай пайда болғаны жайында сөз таластыруда. Жапония жағалауына жақын орналасқан бұл алып Пирамидалар өзінің құпиялығымен: «Бұл адамның жасағаны ма әлде әдеттен тыс табиғаттың кереметтігі ме?» - деп тарихшы ғалымдарды тығырыққа тіреуде. Әдеттегідей біз табиғатта геометриялық туралықпен кесілген төртбұрыш немесе үшбұрыш мүсіндерді таба алмаймыз. Кейбір тарихшылар б.з.д 10 000 мың жыл бұрын осы жерде басқа қауым өмір сүрген оларды да алып су басқан деседі. Алып Пирамидалар су астында 76 метр тереңдікте орналасқан. 

 

   Дварака Камбиялық шығанақ. Индия

 2000 жылы Индияның көне ертегісін тарихқа айналдырған таңғажайып жаңалық ашылды. Кришнаны Құдай деп табынатын индиялықтар: «Кезінде Кришна Құдайымыздың өз қаласы болған», - дейді. 15 жыл бұрын сүңгуіршілер аңыз болып жүрген бұл қаланы су астынан тапты. Көне тарихта: «Бұл қалада таңғажайып 70 000 мың сарай болған, барлығы ең сапалы алтын, күміспен әрі бағалы металдармен әшекейленген. Кришна дүниеден өтпейінше қала гүлденіп жер жәннаты болған», - дейді. Кришна дүние салғаннан кейін артынан бәрі жойылып кеткен көрінеді. Қалайша? Бұл жайында тарихи ертегі кітаптарында ешқандай мәлімет жоқ. Ескі қала үйінділері Индия мұхитында 40 метр тереңдікте табылған.

 

 

Ши Чен (Арыстан қаласы) Куиандао аралы. Қытай

 Бұл суасты қаласы Қытайдың Куиандао аралының түбінде орналасқан. Қаланың әрбір құрылысы өнер туындысына жатады. Скульптура мен архитектура тұрғысынан қарағанда ес кетерлік таңданатындай көрінеді. Оны кім тұрғызғандығы әлі күнге шейін жұмбақ. Арыстан қаласы шамамен б.з.д 25-220 жылдары Хань әулетінің тұсында тұрғызылған. Қаланың жалпы аумағы 62 футбол алаңымен тең, су астында 26-40 метр тереңдікте орналасқан.

 

 Александриядағы Клеопатра сарайы.

 Тарихшылардың болжауы бойынша Египет елінің жағалауында аты әлемге әйгілі Клеопатра ханшайымның сарайы су астына кеткен деседі. 1500 жыл бұрын жер сілкіністен Александрия қаласының бір бөлігі және сәулетті қала үйінділері сумен шайылып кеткен екен. Жақында тарихшылар осы орынды зерттей бастады. Аталған жерден таңқаларлық өркениеттің болғандығын дәлелдейтін 140 жасанды мүсіндер табылды. Тіпті Клеопатраның жатқан жері деп болжалынған қабір табылған. 

 

Дайындаған: Әлменов Ерлан                       

 

 

Бөлісу: