Баязид Бистами қырық бес рет қажылыққа барады. Бір күні Арафат тауында нәпсісі оған: «Ей, Баязид! Жер бетінде саған тең келетін адам бар ма екен? Қырық бес рет қажылыққа бардың және Құранды мыңнан аса бастан аяқ оқып шықтың» — деген ой салады.
Қанағатпен дос бол
«Қанағат қарын тойғызар, қанағатсыз жалғыз атын сойғызар» деп Майқы би айтқандай, адам баласы жоққа сабыр, барға қанағат еткенге не жетсін. Алланың берген несібесіне тоба етіп, әрбір атқан таңды көргеніңе шүкіршілік етудің өзі бір ғанибет. Бес күндік мына жалған дүниеде адамдарға жақсылық жасап, сол жасаған жақсылығың жүргеніңе жылылық ұялатып жатса онда өмірді бекер сүрмегенің.
Сәбит Ибадуллаев: Фақиһ ФАТИМА ханым
Көне замандарда Әмудария мен Сырдарияның аралығы ما وراء النهر «Мауараннаһр аймағы» деп аталған болатын. Оның мағынасы өзеннің яки Әмударияның арғы жағындағы аймақ дегенді білдіреді. Бұл аумақ тұрғындарының басым бөлігі түркі тектес болғандықтан Түркістан аумағы деп те аталды.
Жақсылық жасасаң - өзіңе, жамандық жасасаң өзіңе!
Құдіреті шексіз Алла Тағала қасиетті кәламы Құран Кәрімде былай дейді: «(Ей, Мұхаммед!) Олардың (адамдардың) тура жолға түсуі (иманға келуі) сенің мойныңда емес. Алла қалаған пендесін өзі тура жолға салады. Не нәрсені қайыр-садақаға берсеңдер де, олардың (пайдалары тек) өздерің үшін (жасаған қайыр-садақаларың өздеріңе игілік келтірсін десеңдер) тек Алланың «дидары» үшін ғана қайыр-садақа бергейсіңдер. Әрбір жақсы нәрседен жасаған қайыр-садақаларың (сауабы) өздеріңе толық қайтарылады, сендерге әділетсіздік істелмейді» («Бақара» сүресі, 272-аят).
Жаман бала қайдан шығады?
Сәбидің тәтті қылығы, былдыры, тәй-тәй басқаны… Осының бәрі ата-ана үшін керемет бір бақытқа бөлейтін сәттер екені даусыз. Дегенмен, уақыт өте келе кішкентай ғана тәтті балаңыздың сізге мінез көрсетуі жиілеп кетуі бек мүмкін, тіпті бұзықтығы мен қыңырлығы шектен шығып жатса ше? Кеше ғана көз сүйінішіңіз болған перзентіңіз, күйінішіңізге айнала бастағаны ма? Ал, осының себебі неде? Кейде ата-аналар, әсіресе, жастар жағы «өзінің мінезі қыңыр, туғаннан сондай, осы кеткеннен кеткен, бұған дауа жоқ» деп мәселеден оңай жолмен құтылғысы келеді. Тіпті, кейбірі өзінің ұнатпайтын туысына ұқсатып, соған тартып кеткен ғой деп жатады. Кей шаңырақта ата-әже, әке-шеше бір-бірлерін кінәлап, ұрыс-керіске ұласып кететіні де бар. Ендеше, баланы қалай жөнге саламыз?
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ: ҚАСИЕТТІ АЙЛАРДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ
Әрбір мұсылман баласына ақиқат нәрсе – мына дүниеге бостан-бос жіберілмегендігі. Дәлірек айтсақ, Алланы тану, жаратушы жүктеген міндеттерді уақытылы орындап, құлшылыққа берік болу, күнәдан алыстап, сауапқа ынталану – өткінші өмірдің сынағын еске салады. Дегенмен, адам бойындағы пендешілік әрекеттер кейде рухани жұтаңдыққа жол ашып жатады. Алайда адами құндылығымызды сақтап, рухани кемелдігімізді арттыруда дініміздің қағидаттарына мұқтаждығымыз бар.
Амал дәптері
Ес білгелі дәптердің түр-түрін көріп келеміз. Әсіресе, мектеп табалдырығын аттап, қолға алғаш қалам алғалы бері қанша дәптерді тауысқанымыз есте жоқ. Тіпті университет жылдарында да қолымыздан дәптеріміз түспейді. Әскерге я дәрігерге барсақ та бізге дереу жеке дәптер арнағанына куә боламыз. Бірақ бұл дәптерлер көбіне өмірдегі негізгі дәптерді еске салмайтыны өкінішті-ақ. Ол – амал дәптері.
Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВ: Дін көрінгеннің қол жаулығына айналмауы керек
Биылғы жылдың үлкен датасы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Бұл мерейтойдың еліміз үшін мәні мен маңызы ерекше. Осы орайда Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуында өзіндік үлесін қосқан көрнекті ғалым, танымал қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековпен елдегі діни ахуал және ислам дінінің бүгіні туралы әңгімелескен едік.
ҚМДБ пәтуасы: «Азаматтық некенің» үкімі
Жуырда Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар Кеңесінің ХІ отырысында азаматтық некенің үкіміне қатысты пәтуа қабылданды. Пәтуаның толық мәтіні төмендегідей:
Құлшылыққа құлшындыратын үш ай
Күнделікті арайлап атқан таңдарымыз бен манаурап батқан кештеріміздің әрбір сәті қадірлі әрі құрметті. Дейтұрғанмен, Алла Тағала жыл оны екі айдың ішінен құлдары үшін қасиетке толы уақыттарды айқындап берді. Ең қасиетті деген күндер, түндер, тіпті айлар біз үшін иманымыздың қорғанышы, қуаттаушысы болып табылады. Өйткені, қасиеті артқан мұндай қадірлі сәттерде молырақ құлшылық жасап, ғибадатымыздың ләззатын сезінуге, иманымыздың қуатын арттыруға үлкен мүмкіншілік бар.
Жұмақ іздеп желікпе, туған жерің барында
Кез келген діннің жоғары мағынасы адам мен адамзатты жоғалтып алған жетілу жолына қайтару болып табылады.
Діннің тұтастығы елдің тұтастығы: діни алауыздық ұлттық алауыздыққа апарып соқтырады.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ