Тағылымы таңдай қақтырар бұл ғажап оқиға біз өмір сүріп отырған бүгінгі заманда қасиетті Сирия жерінде болған дейді. Бұл мұсылман мемлекетінде бүгінгі көңіл құлазытар аласапыран соғыстың басталмаған шағы болса керек. Сол араб елдерінде дін білімін алып келген жігіттердің аузынан естіген осы оқиғаны оқырмандарымызға баяндап өткенді жөн санадық...
Судың да сұрауы бар (видео)
Хақ тағала адам баласының игілігі үшін деп бізді түрлі нығметпен қамтамасыз етіп қойды. Сондықтан оны қолдануға, тиісті орынға жұмсауға ақылымыз. Дейтұрғанмен, аста-төк әрекетке барып, бос ысырапшылдық жасауымызды Алла құп көрмейді. Құран Кәрімде: «Ішіңдер, жеңдер бірақ ысырапқа жол бермеңдер! Расында Алла тағала ысырап қылушыларды жақсы көрмейді», – делінген.
Ұлтқа қызмет қылған дәулетті қазақтар (ФОТО)
«Дүниенің төріне тырмысқандар төрден орын алады, тырмыспағандар есікте қалады. Есікте қалмай, төрге тырмысалық», -деп барша Алаш жұртына үндеу тастаған Алаш қайраткерлері 1913 жылдың 2 ақпанында «халықтың көзі, құлағы һәм тілі» болсын деп, «Қазақ» газетін шығарды. Бұл газет қазақтың тұңғыш басылымы еді. Әрине, газетті ұйымдастырып, шығарушылар қатарында Әлихан, Ахмет, Міржақып сынды арыстар болған. Бірақ оларға қиын-қыстау заманда қаржылай көмек беріп, демеп, сын сағатта үнемі қолдап отырған демеушілері болды емес пе? Неге солар жайында айтпасқа? «Алаш» деп жүргелі, міне, 99 жыл болды. Біздің бүгінгі жұрт ХХ ғасыр басындағы қазақтың ақ жүрек, ақ адал «Атымтай жомарттары» жайында жарытып ештеңе білмейді және мерзімді басылымдарда бұларды көп насихаттамайды. Осындай кемшіліктің орнын толтыру мақсатымен жеке мұрағатымыздағы құжаттарды «сөйлетейік» деп шештік.
Олар Валентин күніне қарсы. Сіз ше?
Сәкен Майғазиев, әнші: Мерекенің берекесін кетірмейік!
"Әулие Валенитин" деп ат қойып, айдар тағып, өзгенiң қаңсығын таңсық қылу – ойсыздық пен әлжуаздығымыздың белгiсi дер ем. Сосын, "Қозы Көрпеш Баян сұлу" күні деп жүргендерді де қолдамаймын. Біріншіден, бұл күнді тойлайтындай тарихын "бiзге де жұғысты болсын" деп атап өтетiндей мейрам көріп тұрған жоқпын. Олар қосылмаған, бақытсыз ғашықтар. Не үшін тойлауымыз керек?
Валентин емес, бәлелі түн
Шүкір, қоғамда 14 ақпанды елемейтін, мереке санамайтын сана қалыптасып келеді. Сонымен қатар, бәзбіреулер «бұлар ақпан басталса, жылдағы әдетіне басып, Валентин күнін қаралауды бастайды, сен де қалма» деп қарсылық жасаушыларға мұрын шүйіретін, түйрелеуге тырысатын ерме ессіздік те қылаң бере бастады. Бесіктен белі шықпаған балабақшадағы бүлдіршіндер бір-біріне жүректің суреті бар «открыткалар» сыйлайды.
Үш жүз қари дайындаған қарт
Бауырлас Түркия елінің Боғазкөй елдімекенінде бүкіл ғұмырын Құран жолына арнаған Хасан есімді қарт кісі тұрады. Халық ол кісінің жарты ғасырдан астам уақыт бұрын бастаған қарилық мектебіне тәнті болып, қадірлі ұстаз санап, ыстық-ықыластарымен құрмет етеді.
Дін тақырыбы науқандық сипатта қозғалып жүр (СҰХБАТ)
Оңғар ӨМІРБЕК,
ҚМДБ-ның төл басылымы – «Иман» журналының бас редакторы:
ДІН ТАҚЫРЫБЫ НАУҚАНДЫҚ СИПАТТА ҚОЗҒАЛЫП ЖҮР
Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ: МҰСЫЛМАНДЫҚ ТІЛДЕ ЕМЕС, ДІЛДЕ БОЛУ КЕРЕК! (СҰХБАТ)
«Қағбаны өз Иесі құтқарады»
– Бүгінгі қоғамда діни ахуал төңірегіндегі шиеленістер Құдай жолы мен дін ісін ажырата алмай дағдарысқа түсудің көрінісі іспетті. Бұл исламның рухани әлеміне «жүрек көзімен» қайта қарауға белгілі бір деңгейде кедергі келтіріп отырғанын аңғартып тұрған жоқ па?
Жақсылық жасаудан жалықпа! (видео)
Алла Тағала Құранда былай дейді: «Кімде кім шаңның тозаңындай жақсылық істесе, соның сыйын алады. Кім шаңның тозаңындай жамандық істесе, соның зардабын тартады» («Зілзәлә» сүресі, 7,8-аяттар). Енді қарап отырсақ, мынау біз өмір сүріп жатқан жер мекені уақытша ғана. Дәлірек айтқанда, жұмырбасты пенденің сынақтан өтетін орны. Сонда сынақты қалай өткізбекпіз?!
Садақа берушінің ләззаты
Садақа берушінің ләззаты
Ләйс ибн Сағд бал сатумен айналысқан екен. Бір күні оның кемесі жағалауға келіп тоқтады. Кемеде үлкен бөшкелерге құйылған бал болатын.
Ақсақалдарға жүгінген ауыл
Елдің кейбір аймақтарында ата-бабалар ұстанған билер алқасы әлі де жұмысын тоқтатқан жоқ. Сөзі өтеді-ау деген елдің ақсақалдары тұтастай бір ауылды тәртіпке салып отыр. Солардың бірі – Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Ақтөбе ауылы.