26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Рамазан – барша мұсылман халқы сағына күтетін қасиетті де берекелі ай. Бұл айда адамзаттың ақ пен қараны айыратын сәті, барлық жақсылық атаулының бастау қайнары  көзі саналған, мың айға татырлық әрі 83 жылдың сауабы жазылатын, алғашқы Құран аяттары түсе бастаған Қадір түні бар. Мұсылман қауымы осынау ұлық айды асыға қарсы алып, күнін оразамен, түнін мінәжатпен өткізеді. Қазақ жұртшылығы үшін де мәртебесі биік Рамазан айының қадір-қасиеті мен оразаның мән-маңызы жайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, "Нұр Астана" орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлымен сұхбаттасқан едік.

Дініміздің негізін сақтаушы басты жолдардың бірі – жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю (әл-Әмру биль-мағруф уә нахиу әнил-мункәр). Мағруф – ақыл мен дініміз тұрғысынан жақсылық деп қабылданған нәрселер болса, мункәр – ақыл-санамыз бен дінімізге қайшы құбылыстар.

Алланың қалауымен біз көкке көтерілген әуе кемесі Ыстамбұл шаһарын бес сағатта бағындырды. Ұшақтан түскен бойда әуежайдағы сәні мен сәулеті үйлескен зәулім мешіт бірден көзге түсті. Аспанға ұмтылған Алла үйінің ұзын мұнарасы құдды бізге «мұсылман мемлекетіне қош келдіңіз!» деп тұрғандай сезілді.

Қай заманда болмасын, әрбір халықтың ұлттық құндылықтары оның ұстанған діни сенім-нанымдарын негізге алады. Мәселен, көрші орыс елін алып қарайық.  Олардың мықты жазушыларына назар салайық.

Салафия немесе Уахабия термині Сауд Аравия жерінде 18-ғасырдың аяғында  бастау алған саяси діни қозғалысқа қатысты айтылады. Негізін қалаушы -  Мухаммад ибн Абдул Уаххаб.

Анкарадағы ресми кездесулерден кейінгі сапарымыз Ыстамбұлда жалғасты. Ыстамбұл мүфтилігінің қызметкері Махмұт Түрікұлы бізді әйгілі Топкапыға (сұлтандар сарайы) апарды. Өзі әрі жолбасшы болды. Әрбір сөзі нық, жан-жақты түсіндіреді.

Әл-Азһар мен Қазақ елін қос тарихи мәселе байланыстырады. Біріншіден, Мысыр елінде ханафи мазхабы кең тараған. Қазақ даласына Ислам ханафи мектебімен кіргені белгілі. Екіншіден, әл-Азһардың дамуына біздің ата-бабамыз сүбелі үлес қосқан. Еліміздің белді ғалымдарының тең жартысы (мүмкін басымы) – Мәмлүктер көркейткен білім ордасының түлектері. Ендеше, мың жылдық тарихы бар әлемдік мешіт пен университеттің тарихын қысқа да, нұсқа шолу жасап көрейік.

Халық даналығында «Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық» деген мағынасы терең нақыл бар. Ой-санасы бүтін əрбір жан əуелі Алланың қалауымен ананың құрсағында жаратылғандықтан, анаға ерекше құрмет көрсетеді. Əкенің батасы, ананың ризалығынсыз ешкім де қия басып, қарекет қылмайды. Ана – ардақты да асыл ұғым.

Адам ба­ла­сы­на тән нәрсе, қайсы бір іс пай­да­сы мол бол­са со­ны жасауға асығады. Яғни ол пай­да қаржыға, табысқа я бол­ма­са денсаулыққа қатысты бо­луы мүмкін. Әйтеуір пай­да­сы мол бол­са бол­ды, со­ны жасауға асы­ды. Осын­дай Алла тағаланың иман келтірген пенделеріне  бұйырған бес уақыт на­маз­да, пай­да­сы мол істерге жа­та­ды. Оқылған намазға берілетін са­у­аб­тар, кешірілетін күнәлармен қатар, денсаулыққа беретін пай­да­сы өте көп. Соның біріне мен жақында куә бол­дым.

Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, жығылған да алақанын тосатын адам, Алладан кейінгі екінші қамқоршысы – әр баланың ата-анасы. Өмірге келместен бұрын Алладан сұрап, шыр етіп дүние есігін ашқанда «біздің емес, халықтың баласы болсын» деп тілеген ұрпағы өскен кезде үмітін ақталмай, күшігінен асыраған иті балағынан қауып, жандарын жаралап жүрген ата-аналар да бар. Жылы-жұмсағын аузына төсеп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсірген балаларынан қапы қалып жататындар да аз емес. Аяқтары аспаннан салбырап түскендей болып, бесіктен белі шықпай жатып өздері туғандай болып атта-аналарына зекіп, тыныш отыр деп жөн сілтейтін аға бауырларымыз да жетерлік. Ендеше, бүгінгі қоғамда кейбір азаматтардың қадірін білмей жүрген ата-ана туралы асыл дінімізде не айтылған. Сараптап көрелік.