25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Жаратушы Иеміз адам баласын көркем бейнеде жаратты. Жаратылыс ішіндегі ақылы мен санасы бар жалғыз жаратылыс иесі адам ғана. Осындай кәміл жаратылыс иесі адам баласы дұрыс жолмен жүріп, Жаратушысына құлшылық етуі парыз. Бірақ тек құлшылықты ғана орындап қою жеткіліксіз. Алланың бұйырған жақсы амалдарын орындап, көркем мінездерін бойына серік етуі тиіс. Сол секілді жаман әдет пен мінезден де арылу міндетіне жатады.

Жуырда елімізде діни білім беруді дамытудың тұжырымдамасы қабылданған болатын. Онда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының діни білім беру жүйесін қалыптастыру мен дамытудың мазмұны, мақсат, міндеттері және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындалған еді. Осы орайда, әдістемелік-тұжырымдамалық құжаттың дайындалуына тікелей атсалысқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Білім және ғылым бөлімінің басшысы Бақтыбай Бейсенбаевпен сұхбаттасқан едік.

Сауда-саттық – Алла Тағаланың халал еткен істерінен. Жаратушы Иеміз бұл жөнінде Құранда былай деген:

أَحَلَّ اللهُ الْبَيْعَ

«Алла сауда-саттықты адал еткен».

Парламент Мәжілісінің депутаты, Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының төрағасы Бақытбек СМАҒҰЛМЕН әңгіме

Бөкей ханның ұлы Жәңгір ханның ислам шариғатын берік ұстанғандығын айғақтайтын мәліметтер бар. Мысалы, «...1835 жылы Жәңгір ханның тікелей нұсқауы бойынша мұсылман мешіті ашылды. Хан қазақ ауылдарындағы молдалардың санын арттырды. Олар хатшылық және рухани ұстаз міндеттерін қоса атқарды. Хан Аллаға қалай құлшылық етудің үлгісін өзі бас болып үйретті.

Су түссіз емес пе? Алайда, неге теңіздің түсі көк болады? Шыны ыдысқа теңіздің суын құятын болсақ, түсі мөлдір, түссіз болып шығады. Сонда теңіздің бетіне аспанның түсі шағылысып түседі ме?

Қашанда ел мен діннің қамы үшін әр аймаққа сапар шегіп, насихат жүргізу келелі іс екендігі анық. Осы мақсатта тағы да жолға шықтым. Жүйіткіген темір тұлпар шойын жолдың үстімен зымырап келеді. Әйнектің арғы жағындағы біздің өмірлік ақиқатымыздай артқа қалып жатқан ағаштарға көз тастап, терең ойға шомып отырдым. Бұл хәлімді бұзған оқыстан естілген «Ассаламуғалайкум» - деген дауыс болды. Қарасам жолсерік екен. Екеуміз асыл дініміз хақында ұзақ әңгімелестік. Соңғы сәтте әлгі жолсерік: «Біз осы мәулітті шектен тыс тойлап жүрген жоқпыз ба?» - деп, ойландырар сауал тастады. Осы сұрақ қолыма қалам алдырып, аталмыш мақаланы дүниеге әкелуге себеп болды.

Екі дүние сардары, адамзаттың асыл тәжі болған, сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған айы «Мәуліт» мерекесімен араға жыл салып қайта қауышудамыз. Жаратылғандардың асылы және шыңы болған хазіреті пайғамбар (с.ғ.с.) милади 571 жылы рабиул айының 12-жұлдызы, дүйсенбі күні дүниеге келіп, әлемді шексіз қуаныш пен нұрға бөледі.Оның дүниеге келуімен Алланың мейірімі тасып, әлемге өзгеріс кірді. Сөздер мен сұхбаттарға мән кіріп, әрбір нәрсе жаңарып, ерекше мағына мен әсемдікке малынды. Құран Кәрімде Алла тағала өзінің соңғы Елшісі жайында: «Біз сені бүкіл әлемге рахым етіп қана жібердік» деген еді («Әнбия» сүресі, 107-аят).Ал бұл ақиқатты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) бір хадисінде былай деп көрсетеді: «Мен көркем мінезді кемеліне келтіру үшін жіберілдім».

Белгілі канадалық-америкалық кино жұлдызы Киану Ривз өзінің Фейсбук парақшасында адамдарға өмірге қандай қатынас құру жайында кеңес берді. Оның бұл постын 250 000-ға жуық адам ұнатып, таратқан.

Кианудің кей пікірлері расында өмірдің мәнін ұғынуға бір қадам жақындатардай. Оқып көріңіз, бағасын беріңіз. Біз автордың өзін емес, оның сөзін ғана үлгіге алдық. Сонымен, К.Ривз былай дейді:

Діни басқарма жанында Қажылық миссиясы жұмыс істейді. Миссия мүшелері қажылық маусымы кезінде көптеген іс-шаралар ұйымдастырады. Биыл бас мүфти бастамасымен журналистер де қажылыққа барып қайтты. Тілшілер арасында осы жолдардың авторы да болған еді.

Тағы сол Зейнеп туралы қызық оқиға. Қызық деймін-ау, терең ойланатын жағдай. Ол әжесіне, әкесіне, анасына деген сезімін сөзбен емес, іспен білдіреді. Іспен болғанда, мойынға тоқтаусыз асылады, үлкендермен алысады кеп... Кейде күреске жақын ба деп қаласың... Кейбір достарым оны батыр қыз деп те атайды. Қонақ келсе, қысылуды білмейді, шіркін. Баса-көктеп қонақ бөлмеге кіреді де дастарқаннан қалаған затын алады, онысымен қоймай келген кісілердің көзінше қолындағысын асайды...