25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

"Пайғамбар өмірінен", сахаба Зайд әл-Хайр (р.а.)

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Адамдар асыл тастар секілді: Надандық дәуіріндегі олардың жақсылары, Исламның кезінде де жақсы болды.

Соларадың бір Алла елшісінң саңлақ сахабасы Зайд әл-Хайл еді. Исламды қабылдап, Зайд әл-Хайр болды.

Аш-Шайбани былай әңгімелейді. Бір жылы өте қатты құрғақшылық болып, күн көріс қамымен адамдар Хира қаласына көшті. Солармен бірге біздің рудан бір кісі де көшті, қалаға жеткен кезде отбасын қалдырып:

-Мен қайтып келгеше осында тосыңдар, - деп тапсырады. Бала-шағама азық алып келем, болмаса сол жолда өліп кетермін деп серт береді.

Алыс жол жүріп, бір күркеге кездеседі қасында бір жылқы байлаулы тұр екен. Ол атты алып кетпек болып ақырын жақындап келіп, жібін шеше бастады. Кенет: «Атқа тейіспе, өз тамағыңды өзің тап», - деген даусы шығады.

Жеті күн дегенде қасында түйе байлайтын қорасы бар, шарапатты шаңырақтың ізі бар шатырға тап болады. Күн батқанда шатырға жақындап қараса, ортада кәрі кісіні көреді. Ақырын келіп байқатпай шалдың артқы жағына жайғасады. Көп ұзамай үлкен атқа мінген алып денелі, кең иықты сымбатты бір кісі келді, қасында оған ілескен екі жендеті бар, жүз қаралы түйені айдап келіп, қораға кіргізді. Ішінде қара бура бар екен сол шөгіп еді қалғандарыды оны айнала шөкті. Келген адам қасындағыларға:

- Мына түйені сауып, қартқа ішкіз деп бұйырды. Құлдары сауып бір құмыра сүтті шалдың алдына қоя салды. Қарт құмырадан бір ұрттады да қойды.

- Мен ақырын жылжып келіп, құмырадағы сүтті сарқып ішіп алдым. Арытнан құл келіп, құмыраны алып қуанып кетті: Уа менің әміршім! Ол барлық сүтті ішіп қойыпты!,-деді.

- Енді мына түйені сау да, қартқа апарып бер, - деді. Айтқанындай болды. Бұл жолы күдік туғызбайын деген ниетпен жартысын ғана ішіп, қайта орнына қойдым. Бәрі ұйқыға кеткенде бастаушы бураны ұстап, міндім де жүріп кеттім. Барлық бура соңынан жүріп отырды, түні бойы еш жерге кідірмей елге қарай кеттім. Түс ауа артма қарасам бір қарайған байқадым. Жақындай келе кешегі кісі екенін таныдым түйелеріне келе жатқан. Бураны шөгеріп, қорамсақтағы жебені суырып, түйелердің алдында күтіп тұрдым.

Оқ жетер жерге келіп тоқтап маған:

-Түйені босатып жібер, -деп айқайлады.

-Ешқашан! Мен бала-шағама азық алып келем, болмаса сол жолда өліп кетермін деп серт берген адаммын.

-Онда өзіңді өлдім деп есептей бер,- деді ашуға мініп.

-Бұл ешқешен орындалмайды, -дедім мен.

Сонан соң:

-Бураның бұйдасын іл! Менің жебем бұйданың қай түйініне тигенін қалайсың?,-деді маған.

-Жіпте үш түйін бар екен, мен ортасындағы түйінді қаладым. Оның жебесі ортадағы түйінге қолмен қойғандай қадалды. Қалған екі жебесі қалған түйіндерге қадалды.

-Менде берілмеске амал қалмады. Қасыма келіп садағымды, қылышымды алып: «Артыма міңгес»,- деді.

Мен атқа отырғаннан кейін ол:

-Қалай ойлайсың мен саған не істеуім керек?-деді.

-Ең ауыр жазаны сезіп келемін,-дедім мен.

-Не себептен?!-деп ол таңданып.

-Мен саған сұлымдық жасап,түйелеріңді ұрладым.

Ол:

-Өткен түні Әкем Мұхалхалмен бірге тамақ ішіп отырдың, мен саған қалай кектенем?

Мұхалхал есімін естіп мен:

-Сен Зайд әл-Хайлсың ба?-деп сұрадым.

-Йә, деді.

-Онда менің қайырымды тұтқындаушым болғайсың! –дедім.

-Сені ешқандай жамандық күтіп тұрған жоқ, - деді.

-Аллаға ант етемін, егер осы түйелер менікі болса, бұларды саған сыйлап жіберер едім. Біріақ бұл түйелер қарындасымдікі. Әзірше біздің үйде жүре тұр жақында олжалы болатын жорыққа аттанамын, - деді.

-Үш күнен кейін Зайд әл Хайл олжамен оралып, маған жүз түйе сыйға тартып, жендеттерін қасыма қосып, еліме дейін жаткізіп салуды тапсырды. 

Зайд әл-Хайрдың исламға дейінгі бейнесі осылай суреттелген. Ал исламды қабылдағаннан кейінгі бейнесін келесі мақаламыздан оқисыздар.

 

 

«ummet.kz» рухани – ақпараттық порталы

Бөлісу: