25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Кімде-кім мына салауатты оқыса, шапағатым оған уәжіп болады»

«Кімде-кім мына салауатты оқыса, шапағатым оған уәжіп болады»

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Қади Иядтың «Шифә-и шәриф» кітабынан Зәйдулхабтың (р.а.) риуаятында:

Алла елшісі (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) былай деді: «Кімде-кім мына салауатты оқыса, менің шапағатым оған уәжіп болады.

Аллаһуммә салли әлә Мұхәммәдин уә әнзильһуль мунзиләл муқаррабә индәкә иәумәл қиәмә».


Әзірет Мұхаммед (алейһис салату уә сәлләм) өмірінде бірде-бір рет жалған айтпаған, жұрт сенім артқан жан еді. Сенімді болғаны соншалық, егер ұзақ сапарға шығатындар әйелін біреудің қамқорлығына тастап кетуді қаласа, еш бөгелместен әзірет Мұхаммедке (алейһис салату уә сәлләм) табыстайтын. Өйткені сапардан келгенге дейін әйеліне оның көз қиығын салмайтынына бек сенетін. Дүние-мүлкін де кімге қалдырып кетуді уайымдаса, алаңсыз әзірет Мұхаммедке аманат етіп қалдыра алатын. Мал-дүниесін шашау шығармастан өзіне басы бүтін қайтаратынына иланатын. Расулалланың өмірінде еш өтірік айтып көрмегеніне мына оқиға да дәлел. Бірде Меккедегі Әбу Қубәйс деген қырдың басына шығып, дүйім көпшіліктен: «Мына қырдың ар жағында сендерді жаулап алуға бекініп, қалың әскермен келіп тұрған жау бар десем, айтқаныма сенесіңдер ме?» деп сұрады. Сонда баршасы бірауыздан: «Әлбетте, сенеміз. Өйткені сенің ешқашан жалған сөйлегеніңе куә болған емеспіз» деді.

материал «Мәуліт – дұға, салауат айы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: