Бір сахих хадисте ардақты Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кімде-кім мені түсінде көрсе, ол ояу кезінде де мені көреді. Себебі шайтан менің бейнеме ене алмайды», – деген.
Бір риуаятта ардақты Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кімде-кім мені түсінде көрсе, расымен мені көргені, себебі шайтанның менің бейнеме енуі мүмкін емес», – деген. Барлық жағдайда ардақты Пайғамбарымызды (с.а.с.) көру – жалған, өтірік түс емес, нағыз ақиқат және шынайы түс.
Әзірет Әнәстан (р.а.) жеткен бір риуаятта: «Мені түсінде көрген адам тозаққа кірмейді» делінген.
Ардақты Пайғамбарды (с.а.с.) түсінде көру:
– оның шапағатына ишарат.
– зәбір-жапаға сабыр етуге ишарат.
– тура сөзді болуға, уәдесінде тұруға ишарат.
– адам үшін ең үлкен бақыт және ең үлкен абырой.
– оның жағдайының үнемі жақсы және көңілді болуына ишарат.
– шексіз мейірім және кешірімнен пайдалануға, абырой-беделге, иләһи жәрдем мен жақсылыққа ишарат.
– ол адамның отбасы мен ағайын-туыстарының арасында ешкім қол жеткізе алмаған мансапқа жетуіне ишарат.
Түсінде ардақты Пайғамбарымыздың күлімсірегенін көру – түс көрушінің оның сүннетімен жүруіне ишарат.
Түсінде ардақты Пайғамбарымызды (с.а.с.) көркем бейнеде көру – түс көрушінің дінінің әдемілігіне ишарат.
Түсінде ардақты Пайғамбарымыздың өзінің бет-бейнесінен де әдемі болғанын көру – ол адамның өте діндар екендігіне және сүннетті ұстанғанына ишарат.
Түсінде ардақты Пайғамбарымызды (с.а.с.) әдемі бейнеде көрмеу немесе денесінде кейбір кемшіліктер көру – түсті көруші адамның кемшілігіне ишарат.
Түсінде сипаттарын айтып, жеткізуге шамасы жетпейтіндей дәрежеде ардақты Пайғамбарды (с.а.с.) көру – түс көрушінің діні мен өмірінің жақсы нәтижемен сүйіншіленетініне ишарат.
Түсінде ардақты Пайғамбарымызды (с.а.с.) белгілі кескін-келбетімен және қаз-қалпында көру – оның жағдайының жақсаруына, атақты болатынына және дұшпанын жеңетініне ишарат.
Түсінде Мұхаммед пайғамбарды (с.а.с.) шынайы сипаттарымен көру – тікелей ардақты Пайғамбарды көруге, оның ақиқатын түсінуге және әкелген дінінің рухын ұғынуға ишарат.
Түсінде ардақты Пайғамбарымызды (с.а.с.) сипаттарынан басқа түрде көрсе, ардақты Елшінің (с.а.с.) үлгісін ұғынуда қиналады.
Түсінде ардақты Пайғамбарды (с.а.с.) әр қырынан көру – иманның қуаттылығына, діндегі игілікке, сүннетті ұстануға, үлкен нығметке және ақыретте шапағатқа ишарат.
Түсінде ардақты Пайғамбарымызды (с.а.с.) ашулы күйде көру – оның халінің жаман болуына ишарат.
Түсінде ардақты Пайғамбарымыздың өзіне ашулы екенін немесе өзімен айқасқанын немесе даусын Пайғамбарымыздың даусынан қатты шығарғанын көруі – оның дінде жаңа нәрсе шығарып, жаңалық жасайтын бір бидғатқа ишарат.
Түсінде ардақты Пайғамбарымыздың ілтипаттарына яки сый-сияпатына бөлену – пайдалы ғылымдарда алдыңғы қатарлы дәрежеге жетуге және ұлы ақиқаттарға жүректен берілуге ишарат.
Қарызданған адамның түсінде ардақты Пайғамбарымызды (с.а.с.) көруі – қарызын төлеуіне ишарат.
Ауру адамның түсінде ардақты Пайғамбарымызды (с.а.с.) көруі – оның шипа табуына ишарат.
Дәрігер адамның түсінде ардақты Пайғамбарымызды (с.а.с.) көруі – адамдардың ол кісінің дәрігерлігінен пайдалануына ишарат.
Басына пәлекет келген біреудің түсінде ардақты Пайғамбарымызды (с.а.с.) көруі – Алла Тағаланың ол пәлекетті жоюына ишарат.
Жетім біреудің түсінде ардақты Пайғамбарымызды (с.а.с.) көруі – оның мәртебелі дәрежеге жетуіне ишарат.
Қажылыққа бармаған адамның түсінде ардақты Пайғамбарымызды (с.а.с.) көруі – оның Бәйтуллаһты, яғни Қағбаны тауап етуіне ишарат.
Қайғылы және мұңайып жүрген біреудің түсінде әзірет Мұхаммедті (с.а.с.) көруі – оның қайғы-мұңынан құтылуына ишарат.
Түрмеде жатқан адамның түсінде әзірет Мұхаммедті (с.а.с.) көруі – оның түрмеден құтылуына ишарат.
Қорқып, үрейленіп жүрген адамның түсінде әзірет Мұхаммедті (с.а.с.) көруі – оның қорыққан нәрсесінен құтылуына ишарат.
Жазықсыз біреудің түсінде әзірет Мұхаммедті (с.а.с.) көруі – оның жәрдем алып, жеңімпаз болуына ишарат.
Түсінде ардақты Пайғамбарымызды сахабаларымен бірге көру – мұсылмандардың жеңіске жетіп, кәпірлердің жеңілуіне ишарат.
Түсінде ардақты Пайғамбарымызды (с.а.с.) қартайған күйде көруі – оның есендікке жетуіне ишарат.
Бір әйелдің түсінде ардақты Пайғамбарымызды (с.а.с.) көруі – ол әйелдің жоғары лауазымға, жақсы атаққа, ар-ұяты мен аманатты қорғауына, кейде сол әйелге жақсы ұрпақ берілетініне ишарат.
Бай әйелдің түсінде ардақты Пайғамбарымызды (с.а.с.) көруі – мал-дүниесін Алла жолында садақаға таратуына ишарат.
Жүкті болған әйелдің түсінде әзірет Мұхаммедтің (с.а.с.) сүрме жаққанын көруі – ол әйелдің ұл бала туатынына ишарат.
Әйелі жүкті болған біреудің түсінде әзірет Мұхаммедтің (с.а.с.) сүрме жаққанын көруі – әйелінің ұл бала туатынына ишарат.
Жұт пен қымбатшылық болған жерде ардақты Пайғамбарымызды (с.а.с.) көру – сол жерде молшылық пен береке болатынына ишарат.
Жұт пен жоқшылықта жүрген біреудің түсінде ардақты Пайғамбарымызды (с.а.с.) көруі – оның молшылық пен берекеге және ойына да келмейтін жақсылық пен берекеге қол жеткізуіне ишарат.
Қоршауда қалған немесе жұтта жүрген адамдардың түсінде ардақты Пайғамбарымызды (с.а.с.) көруі – ол адамдардың бұл жағдайлардан құтылуына және берекені көруіне ишарат.Түсінде өзінің ардақты Пайғамбарымыздың бейнесіне енгенін немесе оның қасиетті киімдерінің біреуін кигенін немесе Алла елшісінің өзіне мөрін, киімін немесе қылышын бергенін көруі – оның бойдақ болса, үйленетініне; оқушы болса, ғылым жолында мұратына қол жеткізетініне; кедей болса, бай болуына; дүние-мүлік қаласа, дүние-мүлікке қол жеткізуіне; жергілікті халықтың өзіне бағынуына; бейшара адам болса, Алла Тағаланың оны үстем, қадірлі етуіне ишарат.
Түсінде ардақты Пайғамбардың (с.а.с.) өзіне назар аударғанын немесе бір нәрсені үйреткенін яки бір әдемі нәрсе жегізгенін немесе шап-шақ шапан не киім кигенін яки оған қайырлы дұға жасағанын көруі – оның егер мал-мүлік иесі болса, мал-мүлікке кенелуіне; егер түсті көрген адам ғалым болса, білген нәрсесімен амал етуіне; егер құшылыққа берілген адам болса, кереметке ие әулиелердің дәрежесіне жетуіне; егер күнәһар болса, тәубе етуіне ишарат.
Түсінде Алла елшісінің (с.а.с.) қасиетті сақалының қара екенін және ағының жоқ екенін көруі – оның қуаныш, шаттық, молшылық және берекеге кенелуіне ишарат.
Түсінде Алла елшісінің (с.а.с.) сақалына ақ араласқанын көруі – оның қуатты болуына және дұшпанынан басым болуға ишарат.
Түсінде ардақты Пайғамбарымыздың сақалын тарап тұрғанын көруі – түс көрушінің өкініш, қайғы және қиындығының кетуіне ишарат.
Түсінде Алла елшісінің (с.а.с.) басының қалыпты жағдайдан әлдеқайда үлкен екенін көруі – елбасының мұсылмандарды қорғауына ишарат.
Түсінде ардақты Пайғамбарды (с.а.с.) бидай реңде көру – түс көрушінің құмарлықтарынан бас тартып, тәубе етуді таңдайтынына ишарат.
Түсінде Пайғамбардың (с.а.с.) терісінің ақ болғанын көру – Аллаға тәубе етіп, ізгі амалдар жасайтынына және жолын түзететіне ишарат.
Түсінде ардақты Пайғамбардың (с.а.с.) бір жерде түсі өзгерген күйінде немесе кейбір ағзасы нұқсан көрілсе, бұл түс – сол жерде діннің әлсіреуіне және бидғаттың пайда болуына ишарат.
Түсінде ардақты Пайғамбардың (с.а.с.) үстіне ескі, тозған киім кигенін көру – діннің әлсіреуіне және бидғаттың пайда болуына ишарат.
Түсінде ардақты Пайғамбарды (с.а.с.) сүюі – оның Пайғамбардан риуаят етілген нәрсеге төзімді болуы қажет екеніне ишарат.
Түсінде ардақты Пайғамбардың (с.а.с.) қайтыс болғанын көруі – оның өзінің тегінен абыройлы біреудің қайтыс болуына ишарат.
Түсінде бір жерде ардақты Пайғамбардың (с.а.с.) мәйітін көруі – сол жерде үлкен қиындық болатынына ишарат.
Түсінде Алла елшісінің (с.а.с.) қабірін көруі – оның бай болуына, түрмеде болса, түрмеден құтылуына ишарат.
Түсінде ардақты Пайғамбардың (с.а.с.) қабірін зиярат еткенін көруі – оның көп мал-дүниеге ие болуына ишарат.
Түсінде ардақты Пайғамбарды (с.а.с.) қираған жерде көру – сол жердің ардақты Пайғамбарымыздың берекетімен дұрысталуына ишарат.
Түсінде әзірет Мұхаммедтің (с.а.с.) бір жерде азан шақыруы – сол жерде арзаншылық, молшылық, береке және халықтың көптігіне ишарат.Түсінде әзірет Мұхаммедтің (с.а.с.) бір жерде намаз оқығанын көру – мұсылмандардың шашыраңқы істерінің реттелуіне ишарат.
Түсінде әзірет Мұхаммедтің (с.а.с.) сүрме жаққанын көруі – оның дінінде игілікте және қауіпсіздікте болуына ишарат.
Түсінде ардақты Пайғамбардың (с.а.с.) оң қолының саусақтарының жұмылғанын көру – елбасының азық-түлік бермеуіне және түс көрушінің қажылық жасамауына және бала-шағасын ішкізіп-жегізбеуіне ишарат.
Түсінде ардақты Пайғамбардың (с.а.с.) сол қолының жұмулы екенін көру – түс көрушінің мал-дүниесінің зекетін беруіне, тіленші және кедейлерді сол жағдайдан шығаруға ишарат.
Түсінде ардақты Пайғамбардың (с.а.с.) қолының сусақтарының ашық болғанын көру – түс көрушінің қажылық жасауына ишарат.
Түсінде ардақты Пайғамбардың (с.а.с.) саусақтарының уысының ішінде қысылғанын көруі – басшының және түс көрушінің істерінің тоқтап қалуына және оларға қайғы-мұңның келуіне ишарат.
Түсінде Алла елшісінің (с.а.с.) аяқтарының ұзын болғанын көруі – мемлекет басшысының өмірінің ұзақ болатынына ишарат.
Түсінде Алла елшісін (с.а.с.) қару-жарақ асынып, әскерлердің арасында жүргенін және әскерлердің рухтанғанын көруі – сол жылы мұсылман әскерлерінің жеңіліске ұшырауына ишарат.
Түсінде Алла елшісінің (с.а.с.) қарумен толық жарақтанбаса да шағын әскер жасағының ішінде болғанын және әскерлерге кішіпейілділік танытқанын көруі – мұсылмандардың дұшпанды жеңетініне ишарат.
Түсінде әзірет Мұхаммедтің (с.а.с.) әйелдерінің бірінің өзінің анасы екенін көруі – оның иманының артуына ишарат.
Түсінде өзінің ардақты Пайғамбардың (с.а.с.) артынан жүргенін көруі – оның сүннет жолымен жүретініне ишарат.
Түсінде ардақты Пайғамбардың (с.а.с.) жалғыз тамақ жегенін көруі – Пайғамбарымыздың ол адамға зекетін беруді бұйыруына ишарат.
Түсінде Алла елшісін (с.а.с.) кебіссіз және аяқ киімсіз көру – түс көрушінің жамағатпен намаз оқуды тастағандығы үшін, Пайғамбарымыздың оған жамағатпен намаз оқуды бұйырғанына ишарат.
Түсінде Алла елшісін (с.а.с.) өзінің мешітінде немесе шаңырағында көруі – оның күш-қуат, абырой және ұлылыққа жетуіне ишарат.
Түсінде ардақты Пайғамбарымызды (с.а.с.) ұзын бойлы жігіттің бейнесінде көруі – адамдар арасында шығатын бүлікке ишарат.
Түсінде ардақты Пайғамбарымыздың құтба оқығанын көру – жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыюға ишарат.
Түсінде өз қанының ардақты Пайғамбардың қанымен араласқанын көруі – оның абыройлы біреумен туыс болатынына ишарат.
Түсінде ардақты Пайғамбардың (с.а.с.) өзіне құрма және бал сияқты ұнамды бір нәрсе ұсынғанын көруі – оның Құранды жаттауына және оған ұсынылған нәрсенің шамасында ғылымды меңгеруіне ишарат.
Түсінде ардақты Пайғамбардың (с.а.с.) өзіне бұршақ тұқымдастардан бір нәрсе беруі – оның өкініш пен қайғыдан құтылуына ишарат.Түсінде ардақты Пайғамбардың (с.а.с.) өзіне дүниелік мал-мүліктен немесе ішіп-жейтін бір нәрсе бергенін көруі – берілген нәрсенің мөлшері шамасында ол адам жететін жақсылыққа ишарат.
Түсінде ардақты Пайғамбардың (с.а.с.) өзіне қауын-қарбыз сияқты нәрселер бергенін көруі – оның үлкен қауіптен құтылуына, бірақ қорлық, қатыгездік пен машақатқа душар болуына ишарат.
Түсінде Пайғамбарымыздың өзіне бір нәрсе бергенін көруі – оның білімді меңгеруіне және ақиқатты ұстанатынына ишарат.
Түсінде ардақты Пайғамбарымыздың өзіне бір нәрсе бергенін және ол нәрсені алмағанын көруі – оның бидғат жасауына ишарат.
материал «Түс жору» кітабынан алынды,
ummet.kz