25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

7. Ораза дұрыс болудың екінші шарты

Ораза

Ораза дұрыс болудың екінші шартына оразаны бұзатын нәрселердің болмауы жатады.

Оразаны мына нәрселер бұзады. Тәуліктің ауыз бекітетін бөлігінде[1] ораза екенін біле тұра:[2]

1. Ішіп-жеу;[3]

2. Жыныстық жақындықта болу немесе шәһует нәпсінің қозуымен[4] күштеп атылып шықса;[5]

3. Дәрі ішу;

4. Бұршақ көлеміндей бір нәрсе жұту;

5. Ауыздан шыққан түкірікті жұту;

6. Әйел хайз,[6] нифас[7] жағдайында болуы;

7. Жаңбыр тамшысын, не қарды жұту;

8. Ауыз толы құсықты жұту.[8]

Абдуссамад Махат

«Нұр Астана» мешітінің наиб имамы

 



[1]яғни, таң атқаннан күн батқанға дейінгі аралықта.

[2]яғни, қасақана.

[3]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи», «Мурақил-Фалләх» шарху «Нурил-Идах», «Әл-фиқһу ъаләл-мазаһибил-арбаъа».

[4]нәпсіні қоздыруға мысалы, онанизм жатады. Шариғат бойынша нәпсіні қоздыру – харам. Себебі, бұл жағымсыз қылықтың нәтижесінде денсаулық нашарлап, ахлақ, яғни мінез-құлық бұзылады. («Әл-фиқһу ъаләл-мазаһибил-арбаъа»)

[5]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи», «Мурақил-Фалләх» шарху «Нурил-Идах», «Әл-фиқһу ъаләл-мазаһибил-арбаъа».

[6]хайз - әйелдердің ай сайынғы етеккірі.

[7]нифас - әйел босанғаннан кейін келетін етеккірі.

[8]«Әл-Фиқһ».

Бөлісу: