26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Бір күндік оразаның сауабы

Ораза

«Нәби (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) айтады: «Кімде-кім дін жолында[1] бiр күн ораза ұстаса Хақ Тағала оны мен тозақтың  арасын аспан мен жердің аралығына тең келетін ор етеді».[2]

Хадисті Әбу Умама Әл-Баһилиден (родиял-лаһу ғанһу) Имам Табарони және Имам Тирмизи риуаят етті.[3]

 



[1] хадистің араб тіліндегі нұсқасында «Аллаһ Тағала жолында» делінген. Алайда стилистика тұрғысынан бұл сөз «дін жолында» деп аударылды. Ақиқатында бұл екі сөздің ұғымы бір. Ғалымдардың «Аллаһ Тағала жолында» сөзіне түсініктеме беру мәселесіне келер болсақ, Ибн Әл-Жәузи: «Аллаһ Тағала жолынан» мақсат: дін жолындағы күрес»,-десе, Имам Қуртуби: «Ол – Хақ Тағалаға итағатта болу. Ал бұл хадистегі Аллаһ Тағаланың разылығы үшін ораза ұстаған адам жайында айтылуда»,-деген.  («Тухфатүл-Ахуази»)

[2] яғни, жер мен көктің аралығына тең келетін мөлшерде алыстатады.

[3]«Тухфатүл-Ахуази», «Риядус-Солихин», «Сунәнут-Тирмизи», «Зиядатүл-Жәмиъис-Сағир», «Канзүл-Ъүммәл», «Мажмаъуз-Зауаид» және «Муъжәмут-Табаронил-Кәбир».

Бөлісу: