26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

2. Әйелдің тазарудан кейінгі оразасы

Ораза

Сұрақ: Хайыз немесе нифастан түнде не болмаса таңсәріде тазарған әйел оразаға кіріссе бола ма?

 

Жауап: Нифас – босанғаннан кейін туындайтын сұйықтық.

Хайыз немесе нифас таңатудан ілгері аяқталған жағдайда әйел сол күнен бастап ораза ұстаса болады. Етеккірі таңатудан аз ғана уақыт ілгері тоқтаған жағдайда, әйел сол мезетте ғұсыл алуы шарт емес. Себебі, таңатқаннан соң да шомылып алса болады. Сонымен қатар, ораза ниет ету үшін ғұсыл құйыну міндетті емес.

Егер де етеккірі таңатқанға дейін тоқтамаса, онда ауыз бекіте алмайды.

Ал егер етеккірі таңатқаннан соң, мәселен таң намазы уақытында тоқтаса, ол ораза ұстай алмайды, дегенмен, күн батқанға дейін аузына нәр алмайды. Бұл амал – Рамазанға құрметтің белгісі.

Рамазаннан соң ол ұстамаған күндердің қазасын өтеп береді.

 

Абдуссамад Махат, «Рамазан оразасы – сұрақ және жауап»

Бөлісу: