26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

2. Оразаның маңыздылығы

Ораза

Сұрақ: Рамазан айындағы оразаның маңыздылығы қандай?

Жауап: Рамазан айында күндіз тамақтанудан тыйылу арқылы біз Алла Тағаланың бізге берген нығметтеріне шүкіршілік етіп, барға қанағат етіп үйренеміз. Осы себептен Алла Тағала былай деген:

لَعَلَّكُمْ تَشْكُرُونَ

«Шүкіршілік еткен боларсыңдар!». («Бақара», 185 аят)

- Ораза бізді тақуалыққа жетелейді. Өйткені, ораза Алла Тағаланың қаһарынан қорқу арқылы нәпсіні тәрбиелеудің бірден-бір жолы. Осы себеппен Алла Тағала былай деген:

لَعَلَّكُمْ تَتَّقُونَ

«Тақуалық еткен боларсыңдар!». («Бақара», 183 аят)

- Ораза – нәпсге бой алдырмауға баулиды.

Нәпсі – адам бойын ластайтын жан құмарлығы. Сол себепті, нәпсі – пендені шариғатта тыйым салынған амалдардың барлығына жетелейді. Неғұрлым адам нәпсісіне ерсе, соғұрлым күнәға белшесінен батпақ. Ал дәл оразадан өзге нәпсіге ермеуге үйрететін қандай әрекет бар?!

Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) айтады:

من خشى منكم الباءة فليصم

«Зинақорлыққа барып қоюдан қорыққандарың ораза ұстасын!» (Бухари, Муслим)

- Ораза – шайтанның жолын бөгейді.

Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) айтады: «Шайтан адам қантамырлары арқылымен жүреді. Сондықтан, оның жолын ораза арқылы бөгеңдер!»

- Ораза біріктіреді. Тамақтанудан тыйылу арқылы адам аштықты сезініп, нәтижеде мұқтаж жандардың жағдайын түсінеді әрі оларға қол ұшын беруге тырысады. Осыған қарап, оразаны – қоғамды біріктіру құралы ретінде қарастырған жөн.

 

Абдуссамад Махат, «Рамазан оразасы – сұрақ және жауап»

Бөлісу: