02
Сенбі,
Қараша

һижри

1. «Ораза» сөзінің мағынасы

Ораза

Сұрақ: Біз «ораза» сөзін қолданамыз. Ал оның мағынасы қандай?

Жауап: Араб тілінде ораза сөзін «соум» немесе «сыям» деп атайды.

«Соум» сөзінің лингвистикалық мағынасы – тыйылу. Мәселен, «Марйям» сүресінің 26 аятында Марйам анамыздың мына сөзі келтірген:

إِنِّي نَذَرْتُ لِلرَّحْمَنِ صَوْمًا فَلَنْ أُكَلِّمَ الْيَوْمَ إِنسِيًّا

«Аса қамқор Алла үшін ораза атадым. Сондықтан бүгін еш адаммен сөйлеспеймін».

Бұл жерде Мәрйямның тіс жармауға уәде етуі жайында айтылған. Аятта да «صَوْم» (соум) сөзі «әңгімелесуден ұстану» мағынасын білдіреді.  

Шарғи мағынасы: Алла Тағаланың разылығы үшін таң атқаннан күн батқанға дейін тамақтанудан тыйылу.

Ал «ораза» сөзіне келсек, бұл парсы сөзі. Ұғымы: күн, несібе.

Демек, «ораза» сөзінің ұғымы Рамазан айында тамақтанудан тыйылу мағынасына сәйкес келіп тұр. Себебі, біз таңатқаннан күн батқанға дейін астанудан тыйыламыз.

Абдуссамад Махат, «Рамазан оразасы – сұрақ және жауап»

 

Бөлісу: