24
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ораза айт күндері қандай істерді жасау сүннет?

Ораза айт күндері қандай істерді жасау сүннет?

Ораза

Ораза айт күні таң атқаннан кейін дәмді тамақ жеп, айт намазын оқамастан бұрын пітір садақасын беру сүннет.

Құрбан айт күні айт намазы оқылмай тұрып ораза ұстаған кісі сияқты ешқандай тамақ немесе сусын ішпей, намаздан кейін құрбандық етін, сорпасын немесе біраз сусын ішу сүннет болады. Құрбан айт намазына барғанда үйден шығып мешітке жеткенге дейін тәкбір айту сауап болады. Әр айтта таң атқан соң ғұсыл алу, мисуакпен ауыз тазалау, жақсы киім кию, иіссу себу, намаз оқылатын жерге жаяу бару, қайтқанда жол-жөнекей кедей кісілерге садақа бару, айт намазында қиямет күнін және жасаған күнәларын есіне түсіру, сол үшін кешірім тілеп, тәубе етіп, кешірім сұрау, харам істерден аулақ болып, айт мейрамын шаттықпен өткізу – сүннет.

материал «Ораза энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: