25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ауызды уақытынан кешіктіріп ашқан болса, ораза дұрыс па?

Ауызды уақытынан кешіктіріп ашқан болса, ораза дұрыс па?

Ораза

Ауызды уақытынан кешіктіріп ашқан адамның оразасы дұрыс. Әйткенмен, күн батысымен ауызды көп кешіктірмей ашқан «мұстахаб», яғни ұнамды әрекет.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің асыл сөзінде: "Адамдар ауыз ашарды тездеткенше жақсылықта бола бермек"[1], - деген.

Басқа бір сөзінде: «Ауыз ашарды кешіктіретіндер – Яһуди мен христиан дініндегілер» - дей келе, мұсылмандардың олай етпеулерін кеңес еткен. Дегенмен, ауызды кешіктіріп ашқан адамның оразасы есептеледі. 

Осы орайда, Имам Шафиғидың (р.а) мына сөзін де мәлімет ретінде келтіре кетелік. Ғұлама былай деген екен: «Күннің батқандығы анық білінгеннен кейін ауыз ашуды кешіктірген адам, егер кешіктіруді абзал санап кешіктірген болса, хадистерге қайшы келгендіктен, онысы мәкруһ болмақ. Ал, кешіктіруді абзал деп ойламаса (жай кешіктірсе), ағаттығы жоқ. Түнде ораза ұстау дұрыс емес»[2].

[1] «Сахих Мүслім» хадистер жинағынан.
[2] Имам Шафиғи: әл-Умм.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: