25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Оразадағы кәффарат деген не?

Оразадағы кәффарат деген не?

Ораза

Шариғат саласында «кәффарат» сөзі негізінен «төлем», «өтем» мағыналарында пайдаланылады.

Әлсіздігі немесе ауруы себебінен алпыс күн бойы ауыз бекітуге шамасы жетпеген адам алпыс міскінді тамақтандырады. Тамақтың мөлшері ретінде таңертеңгі және кешкі астың мөлшерінде алынады. Мұндай жағдайда бір уақытта алпыс міскінді тамақтандыру шарт емес. Уақыт және санын бөліп-бөліп толықтырса да болады. Мысалы, бір жағдайы келгенде он адамды, кейін тағы бір жағдайы келгенде жиырма адамды тамақтандырады. Сонымен қатар, бір адамға алпыс күн бойы алпыс адамға берілетін асты, не болмаса алпыс күн тамақтың ақшасын берсе болады. Айналып келгенде кәффараттың алпысын толтырса болғаны.

Оразадағы кәффарат – ешбір себепсіз ораза екендігін біліп тұрып, әдейі жеп-ішу. Аузы берік жанның біле тұра зайыбымен жақындасуы. Мұндай жағдайда оразаны бұзғаны үшін оның қазасын, әрі кәффаратын өтеуі қажет болады;

материал «Ораза энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: