26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Рамазан айын сауапты өткізуге негізгі кедергі

Рамазан айын сауапты өткізуге негізгі кедергі

Ораза

Рамазан айын сауапты өткізуге негізгі кедергі – сауапты амалдарды жасаудағы тұрақсыздық.

Егер саған Рамазан айының басында оп-оңай жасап жүрген сауапты амалдарды іске асыру, Құран оқу және 8 ден 20 рәкағатқа дейінгі тарауих намазына тұру қиындап жатса, онда бұл істеріңді тоқтатпас бұрын, біздің кеңесімізге құлақ түріп көр: тұр да, амал ет!

Ең алдымен кішкентай игі амалдардан баста, бастысы, алғашқы қадамды жаса! Құран аяттарын оқи баста! Екі рәкағаттан тұрып тарауих намазын оқы. Сауапты амалдар жасап, садақа таратумен айналысып жүрген адамдардың қатарына қосыл. Бос уақытыңды осылайша өткізіп, өзіңді ізгі амалдар жасап жүрген жандармен қорша.

Бір бастасаң, жүрегің мен бар ойың осы үрдісте болады. Тек қана бірінші қадамды жасай білу керек.

материал «Кіршіксіз Рамазан үшін 30 кеңес» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: