Тарауих намазы ораза айында оқылатын құлшылық түрі.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оразада бұл намазды үнемі оқығандықтан үкімі – «бекітілген сүннет». Аталмыш намазды оразаны тұтқан да, тұтпаған да оқыса сауапқа кенеледі. Тарауих намазын оқудың сауабы жайында Алланың Елшісі: «Кімде кім, Рамазанда сауабын үміт ете отырып, Алла разылығы үшін тарауих намазын оқыса, оның өткен күнәлары кешіріледі» (Сахих Муслим – 759 хадис. Имам Науаи шархы) - деген.
материал «Ораза энциклопедиясы» кітабынан алынды,
ummet.kz