27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Пітір садақаны бір мұқтаж жанға ғана беру керек пе?

Пітір садақаны бір мұқтаж жанға ғана беру керек пе?

Ораза

Бір отбасы мүшелерінің пітір садақасын бір немесе бірнеше кедейге беруге болады.

Сондай-ақ көптеген адамдардың пітірлерін қосып, бір мұқтаж жанға беруіне де рұқсат. Алайда, «бір отбасының пітір садақасын бірнеше адамға бөліп бергенде олардың қажеттіліктерін өтей алады ма?» деген сұрақ туындайды. Сол себепті, пітір беруші адам осы жайтты да ескеріп, пітір алушы мұқтаж адамның қажетін өтеу мәселесін де ұмытпағаны жөн. Демек, берілетін пітір аз болса, онда бір мұқтажға берілгені абзал. Сонымен қатар пітір садақасы ең әуелі өзі тұрып жатқан жердегі жергілікті мұқтаж жандарға беріледі.

материал «Оразаға қатысты 200 сұрақ» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: