26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ораза кезінде шомылуға бола ма (душ, ванна)?

Ораза кезінде шомылуға бола ма (душ, ванна)?

Ораза

Ия шомылуға болады. Алайда қажет жағдайда ғана. Алла Елшісі (с.ғ.с.) ораза кезінде ыстығын басу үшін тісін мисуакпен тазалап, басына су құйған.

Бірақ ауыздан және мұрыннан су кіріп кетпеуін қадағалау шарт. Себебі мұрыннан не ауыз қуысынан бір тамшы болса да су кірсе ораза бұзылады. Ал ораза кезінде көлге, өзенге түспеген абзал. Себебі мұрыннан не ауыздан су кіріп кету қаупі жоғары. Сондықтан суға сүңгіп шомылу қауіпті. Қосымша, ораза кезінде моншаға да баруға рұқсат болса да, адамды әлсірететіндіктен және буға кірген уақытта ішке су кіріп кету қаупі жоғары болғандықтан ораза уақытында моншаға да бармаған абзал.

материал «Оразаға қатысты 150 сұрақ» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: