26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ораза айтта сыйлық беру – сауапты іс

Ораза айтта сыйлық беру – сауапты іс

Ораза

«Айт» сөзі «мерекелеу», «хал сұрасу», «бір-бірін қуанту», «қуанышқа топталу», «қарымта» деген мағынаны білдіреді. Жаратушы Жаббар Иеміз: «...Олар Мен үшiн ораза ұстады, Менiң пәрменiммен ауыз ашты, ендi қуанышқа кенелсiн...»деп сүйінші хабар жеткізген».

Ораза айт – отбасылық мереке. Мейрам күні сыйлық беріп, қуанышқа бөлеу – сауапты іс.

Сахаба Әнастан (р.а.) жеткен хадисте «Алла Елшісі (с.ғ.с.) Мәдинаға келгенде, олардың екi мерекесi болатын. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Бұл қандай күндер?», – деп сұрағанда: «қараңғылық дәуiрiнде ол күндердi ойын-күлкiмен өткiзетiн едiк», – дедi. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Алла Тағала осы екi күндi олардан да жақсы Құрбан және Ораза айт күндерiмен алмастырды», – дедi. (Нәсәи хадистер жинағы)

Айт барша мұсылмандардың мерекесі болғандықтан, оны еңбектеген баладан еңкейген шалға дейін сезінуі тиіс. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) әрдайым балаларға көп көңіл бөлетін. Бір мейрамда Ұхұд соғысында әкесі шейіт болған баланың жылағанын көріп: Мен сенің әкең, ал Айша анаң болғанын қалайсың ба? – деп кішкентай баланың қайғысын қуанышқа айналдырған еді.

Басқа бір хадисте «Бір-бірлеріңе  сыйлық беріңдер, сүйіспеншіліктерің артады» делінеді. Осы хадисті негізге алған қазақ даласында қонақ кәдесі, сүйінші, байғазы, тағы басқа адамдарды жақындыққа апаратын амалдар  көп. Асыл дініміздің негізі болып саналатын көптеген сүннет дәстүрімізбен астарласып, салтымызға сіңген. Солардың бірі балалардың айттық сұрауы. Айт мерекесімен құттықтап, айттық сұраған жанды қазақ бетін қайтармай, қолда бар сыйлықтарын аямаған. Міне бұл ғасырлар өте дәстүрге айналып, бүлдіршіндер үшін айттың бір керемет көрінісі болып есте қалған.

ummet.kz

Бөлісу: