27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Шәууәлдағы қосымша құлшылықтардың ең негізгісі

Шәууәлдағы қосымша құлшылықтардың ең негізгісі

Ораза

Ислам дінінде кейбір уақыттардың өзіндік ерекшеліктері мен қасиеттері бар. Рамазан айының артынша келетін Шәууәл айының да өзіне тән артықшылықтары көп. 

Шәууәлдағы қосымша құлшылықтардың ең негізгісі – алты күндік ораза.

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде кім Рамазан айының оразасынан соң Шәууәл айында 6 күн ораза ұстаса, бір жыл ораза ұстағандай болады» – деп,  бұл айда ұсталатын алты күн оразаның мол сауабын сүйіншілеген (Сахих Муслим).

Бұл ораза сауабының бір жылға пара-пар келуін былайша түсінуге болады. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Кімде-кім бір жақсылық жасаса, оған оның он есе қарымы беріледі» – деген («Әнғам» сүресі, 161-аят). Ғалымдар Шәууәл айындағы алты күн оразаның бір жылдық сауабын осы аятпен байланыстырады.

Шәууәл айының оразасы нәпіл ораза болып табылады. Яғни, мұны ұстау ешкімге міндет емес, адамның өз ыхтиярында. Дегенмен, мұны ұстамаған жан жоғарыда келтірген Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадисіндегі бір жылдық оразаның сауабынан құр қалады.

Рамазан айында түрлі себептермен кей күндерін қаза етіп алған кісілер Шәууәл айында әуелі Рамазанның қазасын өтеуіне де, сонымен бірге Шәууәлдің алты күндік нәпілін ұстаса да болады. Дегенмен, Рамазан оразасын толығымен ұстау Алла Тағаланың бұйрығы екенін ескерген жөн. Ал, Шәууәл айында 6 күн ораза тұту Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннеті болғандықтан алдымен оразаның қазасын өтеу абзал.

ummet.kz

Бөлісу: