26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Рамазаннан кейін қандай болуымыз керек?

Рамазаннан кейін қандай болуымыз керек?

Ораза

Рамазаннан кейін қандай болуымыз керек? Әйгілі ғұлама, табиғин Кағбул Ахбар бұл жайында былай деген екен:

«Кімде-кім Рамазан айында ораза ұстап жүргенде өз-өзіне іштей ораза біткен соң Аллаға қарсы күнә жасамаймын деп юекінсе, ешқандай есеп-қисапсыз, сұраусыз жұмаққа кіреді. Ал кімде-кім Рамазан айында ораза ұстап жүргенде өз-өзіне іштей ораза біткен соң бұрынғы жасап келген күнәсін қайта істеймін деп бекінсе, оның оразасы қабыл болмайды».

Рамазан айында көзімізді, құлағымызды, тілімізді, бүкіл дене мүшелерімізді күнәдан тыюға тырысамыз, «оразаны бұзатын істер жасап қоймайын, Алла көріп тұр ғой» деп, өзімізді жөнге салып отырамыз. Ал,енді бізді рамазан айында көріп тұрған Алла, өзге айларда да дәл солай көріп тұрғанын қаперімізде ұстайық. Күнәдан өзімізді таза ұстасақ, қол-аяғымызды күнәлі істерге жүргізбесек, бұл біздің Рамазан айынан құралақан шықпағанымызды көрсетеді. Күзде ағаштардан жапырақтар төгілгені сияқты, Рамазан айынан пенденің күнәлары төгіліп шығуы өзінің іс-әрекеттеріне байланысты болмақ.  Рамазан айында болған өміріміздегі жағымды өзгерістер тұрақтылық тауып, баянды болуына, Рамазанда үйренген тәлімдеріміздің әсері екенін жадымызда сақтайық. Себебі, Алла Тағала қасиетті Құранда: «Иман келтіргендердің жүректері Алланың зікіріне (Құранға) жұмсап әрі түскен хақиқатқа жібімей ме? Ал енді бұрын өздеріне кітап беріліп, сосын ұзын мерзім өткендіктен жүректері қатайғандар сияқты болмаңдар. Олардың көбі бұзақылар»,- деген. («Хадид» сүресі, 16-аят).

ummet.kz

Бөлісу: