26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Құлшылықты тұрақты орындаушылардың сауабы

Құлшылықты тұрақты орындаушылардың сауабы

Ораза

Расында Рамазан айында күнәдан тыйылып, бірақ ораза аяқталғаннан кейін күналарға қайта  оралған адам моншадан шыға салып нәжіске  сүнгіген адам сияқты. Ал, керісінше, құлшылықты тұрақты орындаушылар орындамаған құлшылықтарына да сауап алады.

Құлшылықты тек Рамазанда ғана емес, үнемі тұрақтылықпен, ұқыпты орындайтын адамдар белгілі бір орынды себеппен құлшылықтарын орындай алмай қалса, Алла тағала оған амалдарын уақытылы орындағанның сауабын жазады.

Абу Муса аль-Ашъари, (оған Алланың ризашылығы болсын) жеткізген хадисте Алланың елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):  «Алланың құлы ауырса, не сапарда болса, оған, әдетінше, үйінде болып сау кезінде орындайтын бүкіл амалдары жазылады (яғни ол орындай алмаса да)»-деді. (Аль-Бухари, Муслим).

Ал Омар ибн аль-Хаттабтан  (оған Алланың ризашылығы болсын) жеткен хадисте Алланың елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім әдетінше түнде оқитынының бәрін, не бір бөлігін оқи алмай ұйықтап кетсе, бірақ онысын (алдағы күннің) таң намазы мен бесін намазының арасында оқып шықса, онда оның бұл амалы түнде жасаған ретінде жазылады»- деді. (Муслим).

Әбу Абдуллаһ Жабир ибн Абдуллаһ аль-Ансариден (әкесі екеуіне де Алланың ризашылығы болсын): «Алланың елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір жорықтан қайтып келе жатып былай деді: «Шын мәнінде, сендер қай жолмен жүрсеңдер де, қандай қырдан ассаңдар да, мәдиналықтардың арасында ауырып, қалып қойғандар әрдайым сендермен бірге сауапты бөлісіп отырды» -деді" -деген. (Муслим).

ummet.kz

Бөлісу: