26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Шағбан айында қай күндері ораза ұстаса болады?

Шағбан айында қай күндері ораза ұстаса болады?

Ораза

Шағбан айы шамасы келген мұсылманға көптеп нәпіл ораза ұстайтын ай. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өзге айлардан гөрі осы Шағбан айында көбірек ораза ұстайтын болған.

Сахаба Усама ибн Зәйд оныңсебебін сұрағанда Ол (с.ғ.с): «Бұл айда барлық істер әлемдердің Раббысына көтеріледі. Менің де істерім Алланың құзырына аузым берік болған күйде көтерілуін қалаймын», - деп жауап берген екен [1].

Дегенмен, қанша күн әрі қай күндері ораза ұстау керектігі риуаяттарда нақты айтылмаған. Сондықтан да, қанша күн ұстаймын десеңіз де өз еркіңіз. Мәселен, дүйсенбі мен бейсенбі күндері ауыз бекітсеңіз болады. Сондай-ақ, Шағбан айының 13, 14, 15 күндері, яғни, «үш ақ күндері» ораза ұстаған дұрыс. Әсіресе, Шағбан айының 15 күні (Бәраат күні) күндіз ораза ұстап (28-наурыз), түнін (29-наурыз) ғибадатпен өткізгеннің сауабы мол.

Бір «әлсіз хадисте» былай делінген: «Шағбан айының ортасы болғанда түнін ғибадатпен, ал күндізін оразамен өткізіңдер. Алла Тағала сол күні күн батқанда дүние аспанына түседі де былай дейді: «Менен кешірім тілейтін пенде бар ма, кешірім етейін? Менен ризық-несібе тілейтін пенде бар ма, ризығын арттырайын? Ауру-сырқауға шалдыққан бар ма, саулық берейін?» т.б. осылай таң атқанша жалғасады»[2].

Осы тұрғыда, кейбір мұсылмандардың өткен Рамазан айынан өтелмей қалған қаза оразалары болса, осы айды пайдаланып, соларды да өтеп алғандары абзал.    
Алла жасаған құлшылықтарыңызды қабыл еткей!

 

[1] Нәсәи – 2357 хадис
[2] Ибн Мәжә: Сүнән - №1388 хадис

ummet.kz

Бөлісу: