25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

33. Намазды жамағатпен оқудың мәнісі

Ораза

Ислам мұсылмандардың бірігіп, жамағат болуына ерекше мән береді. Себебі, жақсылығымен  бөлісіп, қиыншылықта қол ұшын беру – мұсылманшылықтың белгісі. Бұл мәселеге қатысты Хақ Тағала: «إِنَّمَا الْمُؤْمِنُونَ إِخْوَةٌ» - «Шын мәнінде мүмин-дер туыс қой»,-деген.[1]

Құлшылықты жамағатпен орындау Ислам дінінің ерекше қажеті. Осы себептен Ислам адамдарды бірлестіру діні болып табылады.

Намазды жамағатпен оқу мұсылмандардың өзара сүйіспен-шілік пен бірлік сезімдерін тудырады.[2]

Жамағат намазына қатысқан, тіпті соңғы отырыста[3] отырған имам сәлем беруден бұрын жамағатқа қосылған адам жамағат сауабын иеленеді. Ал жамағатпен оқылған намаз жеке оқыған намаздан жиырма жеті есе артық.[4]

Абдуссамад Махат

«Нұр Астана» мешітінің наиб имамы

 

 



[1]«Хужүрат» сүресі, 10 аят.

[2]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи».

[3]намаздың соңында сәлем береден бұрын тәшәһһуд және салауат дұғаларын оқуды «соңғы отырыс» деп айтады.

[4]«Сахихүл-Бухари».

Бөлісу: