25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

25. Тарауих намазының мустахабтары

Ораза

Тарауих намазының мустахабтары төмендегіше:

1. Әр екі немесе төрт рәкәғатта сәлем беру.[1]

2. Әр төрт рәкәғатта сәлем бергеннен кейін, намаз «тарауих»[2] деп аталуына сай демалу.[3] Демалу уақытында түрлі зікір, дұға етсе, уағыз айтса, тіпті үндемей отырса да бола-ды. Себебі, жаман сөз айтпай үндемей отырудың өзі – ғибадат.[4] Жалпы демалу барысында осы айтылған амалдың қайсысымен шұғылдану жамағаттың ықтиярындағы іс.[5]

3. Тарауих намазында Құранды бір рет хатым ету.[6]Бұл мәселеде имам жамағатты қашырып алмау мәселесін ескерген жөн. Жамағатта қарттар мен жас балалар болған жағдайда имам тарауих намазында қысқа сүрелерді оқығаны абзал.[7]

Негізінде Рамазан бойы тарауих намазын оқу барысында Құранды бір рет хатым ету, яғни бастан-аяқ оқып шығу – сүннәт.[8] Мәселен, Құран хатымын Рамазанның бірінші түні бастап соңғы түнінде аяқтаса болады. Бұл мәселеде ғалымдардың арасында келіспеушілік жоқ.[9]

4. Тарауих намазын мешітте оқу.[10] Себебі, жамағатпен оқылатын намаздың абзалы – мешітте оқылған намаз.[11]

Абдуссамад Махат

«Нұр Астана» мешітінің наиб имамы

 

 

 



[1]«Әл-фиқһу ъаләл-мазаһибил-арбаға», «Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи», «Фатхүл-Қадир», «Әл-Лүбабу фиш-шархил-Китаб».

[2]демалу, демалыс.

[3]«Әл-фиқһу ъаләл-мазаһибил-арбаға», «Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи», «Фатхүл-Қадир», «Әл-Лүбабу фиш-шархил-Китаб».

[4]«Сунәну Әби Дауд».

[5]«Әл-Фиқһ».

[6]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи».

[7]«Әл-фиқһу ъаләл-мазаһибил-арбаға», «Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи».

[8]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи», «Фатхүл-Қадир».

[9]«Әл-фиқһу ъаләл-мазаһибил-арбаға».

[10]Бұл да сонда.

[11]Бұл да сонда.

Бөлісу: