25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Үшінші және төртінші ракағатта тек «Фатиха» оқу керек пе?

Үшінші және төртінші ракағатта тек «Фатиха» оқу керек пе?

Намаз

Төрт ракағатты сүннет намаздарының бәрінде фатиха және қосымша бір сүре оқу – уәжіп.

Ал парыз намаздарында тек әуелгі екі ракағатында фатиха және сүре оқу – уәжіп, қалған екі ракағатында тек фатиханы ғана оқу – сүннет. Ал оған қосымша сүре не аят қосу – мәкрүһ.[1] Бірақ бұл намазды бұзбайды. Сондықтан, осы уақытқа дейінгі оқып жүрген парыз намаздарыңыз Алланың қасында иншаалла қабыл.

 

[1] Әз-Зубайди, Әл-Жаухара – 94 бет.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: